Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылдың 6 қарашасында Ақордада Президент Көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің «Қазақстан Республикасы азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері» тақырыбында отырысы өтті.

Кездесу барысында азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері, соның ішінде азық-түліктің қол жетімділігі, азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

Қ.Қасымов қатысушыларға арнаған сөзінде халықтың денсаулығын, әлеуметтік әл-ауқатынын және тұтастай елдің экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылатын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өз сөзінде нарықты азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз ету бойынша қызметтің басты бағыттарына тоқталды. Сонымен қатар, ол Қазақстанда өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің дамуы туралы хабарлады.

Өз кезегінде, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жүргізіліп жатқан және мониторинг пен бақылауды жетілдіруге бағытталған жұмыстар туралы баяндады.

Отырысқа мемлекеттік органдардың басшылары, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша қызмет атқаратын ұйымдардың жетекші ғалымдары: Тағамтану академиясы, Қазақстандағы БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының байланыс және серіктестік бюросы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы, Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты, Экономикалық зерттеулер институты, «Астана» халықаралық университеті, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП және Қазақстан фермерлер одағының өкілдері қатысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесі үшін азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова қатысты.

Басылымдар