Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылдың 2-3 қарашасында Самарқандта (Өзбекстан) Имам Бухари орталығының базасында АҚШ-тың Бейбітшілік институтының қолдауымен Ц5 + 1 бастамалары негізінде «Ортақ мүдделерді іздеу» коммерциялық емес корпорациясының өкілдігімен зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмнің таралуын азайту жөніндегі консультативтік жұмыс тобының ІІІ аймақтық мәжілісі өтті.

Сұхбат алаңы зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалар мен саясатты тиімді жүзеге асыру және Сириядан Орталық Азияға оралған адамдарды оңалту туралы сарапшылардың пікірлерін терең талқылауға бағытталған. Кездесудің мақсаттарының бірі зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы іс-қимыл бағдарламаларын және Орталық Азия мемлекеттеріне оралған адамдарды сауықтыру және реинтеграциялау процестерін тиімді бағдарлауда ұсыныстар әзірлеу болды.

        2 11 12 11 2

Қазақстандық делегация атынан Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Бас прокуратураның және үкіметтік емес ұйымдардың мамандары ат салысты. Іс-шараға ҚСЗИ Халықаралық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Анастасия Решетняк қатысты. Қазақстанда өткізілген ұлттық консультативтік жұмыс тобының отырыстары туралы баяндама жасады.

Басылымдар