Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2019 жылы 5 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі Еуропалық Карнеги орталығымен бірлесіп, ЕО-Қазақстан, ЕО-Орталық Азия қатынастарын дамытуға ықпал ететін негізгі мәселелерді талқылау үшін ұйымдастырылған «Нұр-Сұлтаннан хат» жобасының тұсаукесері өтті.

Ұсынылған шолу ірі еуропалық емес елдер тарапынан ЕО сыртқы саясатына көзқарас көрсетілген Еуропалық Карнеги орталығының «Астаналар сериясы» басылымдарының сериясына кірді.

«Нұр-Сұлтаннан хат» Орталық Азия өңірінің атынан бірінші басылым болып табылады.

«Нұр-Сұлтаннан хатты» ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Мұрат Лаумулин дайындаған болатын. Хат авторының ойынша, ЕО Қытай мен Үндістан тарапынан, сондай-ақ Ауғанстан мен терроризм қатерлеріне тап болған өңірде әсер етуді қаласа, Орталық Азияда өзінің қатысуын күшейтуі тиіс деп есептейді.

Тұсаукесерде Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон, Карнеги еуропалық орталығытың шақырылған зерттеушісі Штефан Лене, ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау департаментінің директоры Талғат Қалиев, Австрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Герхард Сайллер, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Искандер Ақылбаев сөз сөйледі.

Құттықтау сөзінде Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон: «ЕО мен Орталық Азия арасындағы серіктестік біреуге қарсы бағытталған жоқ. ЕО «Ұлы шахмат тақтасындағы» «Үлкен ойында» ойыншы болу мақсатын алға қойған жоқ. ЕО мақсаты осы өңір үшін сенімді және адал серіктес болу болып табылады. Біз Қытай мен Ресейді қоса алғанда, Орталық Азия мемлекеттерінің меншігі мен егемендігіне деген толық ашықтық пен толық құрмет негізінде барлық елдермен ынтымақтастық пен бірлескен іс–қимыл үшін ашық болып қаламыз».

Іс-шараға Қазақстандағы аналитикалық құрылымдар, академиялық орта және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова болды.

Іс-шара 2019 жылы шілдеде қабылданған Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа стратегиясы аясында өткізілді. Қатысушылар Стратегияның аймақтық өлшемін егжей-тегжейлі талқылады және оның ХХІ ғасырдың сын-қатерлері шеңберіндегі өзектілігін бағалады.

«Нұр-Сұлтаннан хаттың» толық мәтінін мына сілтеме бойынша алуға болады: https://carnegieeurope.eu/strategiceurope/80470

«Нұр-Сұлтаннан хат» мәтінін орыс тіліне аудармасы

 

5 12 19 2

Басылымдар