Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылдың 6 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында «Корей түбегінің әлемі және бірлестігі: Қазақстан тәжірибесі» атты ашық дипломатия бойынша семинар өтті. Семинарды Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігі ұйымдастырды.

Мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан корейлері қауымдастығының Өкілдері қатысқан семинардың мақсаты Корей түбегінде бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізудің жолдарын іздеу болды.

ҚСЗИ атынан іс-шараға директордың орынбасары Санат Көшкімбаев қатысты, ол «Корей түбегін денуклеаризациялау мәселелері: Қазақстаннан көзқарас» атты тақырыбында баяндама жасады. С. Көшкімбаев өз сөзінде Корей мәселесін бейбіт жолмен шешу қажеттігін атап өтті.

Қазақстан ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқан мемлекет ретінде мүдделі тараптар үшін келіссөз алаңын ұсынады. Корей түбегіндегі жағдайда екіжақты да, көпжақты негізде де тұрақты бейбітшілік пен қарым-қатынас орнату үшін дүниежүзілік қауымдастыққа (әсіресе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне) КХДР қауіпсіздігіне кепілдік беруі, екі Корея арасындағы сенім шараларының каталогына ресімделген денуклеаризациялаудың нақты тетігін құру қажет.

Өз тарапынан, Қазақстан келіссөздер үдерісіне деген бейілділігін білдіреді, КХДР-дың ядролық мәселелерін бейбіт жолмен шешуге ат салысуға және Корей түбегінде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында, оның ішінде Азиядағы сенім және өзара іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңестің диалог алаңы (АӨСШК) сияқты халықаралық құралдарды қолдана отырып, Корей түбегінде кореяаралық қарым-қатынасты нығайтып дамыту үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайын.

photo 2019 12 06 17 48 39

Басылымдар