Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылдың 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қ. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Президент Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: алғашқы нәтижелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Еуразиялық интеграция институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырды.

Іс-шараның жоғары мәртебесі саяси қызметкерлер мен Үкімет мүшелерінің, депутаттардың, сараптамалық және ғылыми-зерттеу қауымдастығы, коммерциялық емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен қамтамасыз етілді. Конференция Хабар 24 телеарнасындағы Тікелей эфирде көрсетілді, оның барысында спикерлер Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың алғашқы аралық қорытындыларын шығарды.

09 12 2

Пленарлық отырыста алғы сөзбен ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев сөз сөйледі. Оның айтуынша, «Президент ұсынған азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы билік пен қоғамның тұрақты диалогын құру негізінде жатыр».

09 12 3

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жергілікті билік жұмысының тиімділігін халықтың бағалау жүйесін енгізу туралы Президент Қ. К. Тоқаевтың бастамасы туралы ақпаратпен бөлісті. Спикердің айтуынша, Министрлік sms-дауыс беру, халыққа сұрау салу, ашық үкімет платформасында онлайн-сауалнама, сондай-ақ азаматтардың ұжымдық өтінішін (петиция) ашық үкімет порталында тіркелу арқылы енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда. Сонымен қатар, Министр жергілікті мәселелерді шешуде ауылдар мен аудандардың дербестігін кеңейту, сондай-ақ 2020 жылы жаңа мемлекеттік бағдарламаларды қабылдау туралы айтты. 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов09 12 4 Жолдауда Президент білім беру сапасын арттыруға және кәсіби педагогикалық кадрларды даярлауға ерекше назар аударғанын атап өтті. Министрдің мәліметінше, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша білім беруді басқару жүйесінің вертикалі енгізілетін болады, оның шеңберінде облыстың, қалалар мен астананың білім беру ұйымдарын орталықтандырылған қаржыландыру арқылы басқарудың негіздемелік құрылымын әзірлеу көзделген; мектепке дейінгі және мектеп білім беру көшбасшыларының резервін даярлау институты енгізіледі; «Жаңа формация басшысы» бағдарламасы іске асырылады; мектеп директорларын аттестаттау жүргізіледі.

09 12 5

Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрағасы Жаннат Ертілесованың сөзі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік мәселелеріне және оның экономикалық бағыттағы халықаралық рейтингтеріндегі көрсеткіштеріне арналды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов Мәжілістің жұмысын қорытындылап, елдің қаржы және бюджетіне қатысты мәселелерге, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы аударымдарын пайдалану мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес АҚ Басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерге сәйкес Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың қорытындылары мен перспективаларымен бөлісті.

Конференцияда ҚСЗИ атынан пленарлық отырыста директор Зарема Шәукенова сөз сөйледі. Спикер өз сөзінде ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын қисынды жалғастыратын бағдарламалық құжат ретінде Қазақстан халқына Жолдауының және мемлекет саясатына жаңа тренд қойған тұжырымдамалық бастамаларының маңыздылығын атап өтті.

09 12 6

Зарема Шәукенова сонымен қатар, 2019 жылғы 2 қыркүйекте Жолдау жарияланғаннан кейін жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Оның айтуынша, қоғамдық пікірді өлшеу кезекті рет «Жолдау азаматтардың болашаққа деген сенімін нығайтып, орта мерзімді перспективада ел дамуының айқын көрінісін құратынын көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі «құлақ асатын мемлекет» құрылысына ұмтылып, күресу қажеттігін атап өтті. Респонденттердің жартысы бұл тұжырымдама мемлекет азаматтардың проблемалары туралы ғана емес, сондай-ақ оларды тиімді шеше алатынына сенеді».

Қорытындылай келе, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры «Бүгінгі күні «құлақ асатын мемлекет» - бұл тиімді басқару формуласы және күн сайын ол басқару жұмысының жаңа стандарттарына көшуді көрсете отырып, нақты мазмұнмен толықтырылатынын», - атап өтті.

09 12 7

Пленарлық отырыстың модераторы болған Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров қоғамда жағымды жаңғыртылған көңіл-күй деңгейінің өскенін атап өтті. Оның айтуынша, пікір плюрализмінің жаңа идеялары қоғамдық дамудың басты бағыты болып табылады.

09 12 8ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, саясаттанушы Талғат Қалиев жүргізген «Саяси жаңғырту: түрлі пікірлер - біртұтас ұлт» пленарлық отырысына белгілі ғалымдар, сарапшылар қатысты: ҚР БҒМ ҒК Мемлекеттік тарих институтының директоры Бүркіт Аяған, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Айдос Сарым және Марат Шибутов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков, М.С.Нарикбаев атындағы ҚазГЗУ ғылыми жобаларының жетекшісі Сергей Ударцев, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Наталья Калашникова.

«Тұрақты әлеуметтік даму - қуатты мемлекет» панельдік сессиясында әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров модератор болды, М.В. Ломоносов атындағы ММУ филиалының директоры Александр Сидорович, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылым академиясының Мемлекеттік тарих институтының бас ғылыми қызметкері Марал Қалиева, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің экономика кафедрасының аға оқытушысы Тимур Расқалиев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың бас сарапшысы Жанар Түлендинова баяндама жасады.

09 12 9

Өзінің «Қ.К. Тоқаев курсының әлеуметтік бағыттары: адами капитал «білім экономикасының» негізі» тақырыбындағы баяндамасында Жанар Түлендинова Қазақстан халқына Жолдауында адами капитал «білім экономикасының» негізі ретінде қарастырылатынын атап өтті.

Панельдік пікірталастар аясында қатысушылар ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жүзеге асырудың алғашқы қорытындылары туралы пікір алмасты. Бұл ретте Президенттің бастамашылық жасаған «құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасының Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына ықпал ететін маңыздылығын ерекше атап өтті.

09 12 10

  1. https://ortcom.kz/ru/novosti/sostoyalos-ekspertnoe-obsuzhdenie-pervyh-itogov-realizacii-poslaniya-glavy-gosudarstva-narodu-kazahstana
  2. https://24.kz/ru/news/vypuski-novostej/item/360087-vypusk-novostej-20-00-ot-09-12-2019
  3. https://khabar.kz/ru/novosti-ru/item/117842-itogi-dnya-21-00-ot-09-12-2019
  4. https://qazaqstan.tv/videos/120076
  5. https://www.kazpravda.kz/articles/view/ozhidaniya-ochen-visokie

Басылымдар