Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2019 жылдың 3 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес отырыс барысында төрт тақырып талқыланды: «Жусан» арнайы операциясы мен «Русафа» акциясының қорытындылары, қазақстандық сарапшылардың Қазақстандағы реформаларға арналған шетелдік іс-шараларға қатысу нәтижелері, 2020 жылы мерейтойлық іс-шараларды (Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абайдың 175 жылдығы) ұйымдастыру, сондай-ақ ҚР СІМ «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы.

Өзінің құттықтау сөзінде ҚР СІМ ҚК төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман Қоғамдық кеңестің алдында тұрған негізгі міндеттерді атап өтті – бұл республиканың сыртқы саясатының өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, ҚК-ті тұрақты диалог алаңы ретінде пайдалану және ҚК жұмысына оның барлық мүшелерінің белсенді қатысуы.

ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко өз сөзінде ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Жусан» және «Русафа» гуманитарлық акцияларын өткізу мәселелері бойынша толық ақпарат берді. Бұл акциялар жауынгерлік іс аймағынан– Сирия мен Ирактан қазақстандық азаматтарды отанына қайтаруға арналды. Төрт кезеңнен тұрған «Жусан» операциясының аясында қаңтар, мамыр және маусым айларында Сириядан 33 ер адамды, 156 әйел адамды және 406 баланы (оның ішінде 31 жетім баланы) қоса алғанда, 595 қазақстандық азамат қайтарылды. 27 қарашада Ирактан «Русафа» акциясының нәтижесінде тағы да 14 қазақстандық бала қайтарылды.

Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі институт директоры Шавкат Сабиров азаматтық қоғам атынан сөз сөйледі. Қазақстандық сарапшылардың еліміздегі реформаларға арналған шетелдік іс-шараларға қатысу нәтижелері туралы баяндамасында Ш.Сабиров Atlantic Council, CSIS (АҚШ) және Chatham House (Ұлыбритания) сияқты жетекші талдау орталықтарында жақында ұйымдастырылған «дөңгелек үстелдерге» ерекше назар аударды. «Сарапшылар қауымдастығының аталған шараларға қатысуы елдегі саяси жағдайды түсіндірудегі маңызды құрал болып табылады», - деп атап өтті сарапшы.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко өз баяндамасында 2020 жылы өтетін мерейтойлық іс-шаралар (Абайдың 175 жылдығы, әл-Фарабидің 1150 жылдығы) туралы ақпарат берді. Ол Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуді ЮНЕСКО-ның келесі жылы атап өтілетін халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу жөніндегі шешімі іс-шараларды ұйымдастырудағы маңызды оқиға болғанын атап өтті. Абайдың 175 жылдығын мерекелеу жөніндегі СІМ жоспары әлемнің 70 елінде 250 түрлі форматтағы іс-шараларды қамтиды.

Қызметі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтардың мемлекеттік органға деген сенім деңгейін арттыру болып табылатын «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Нұрлан Сейтімов өз сөзінде егжей-тегжейлі ақпарат берді.

ҚР СІМ ҚК отырысы барысында Кеңес мүшелері жоғарыда аталған тақырыптар бойынша белсенді талқылаулар жүргізіп, отырыс қорытындысы бойынша қабылданған хаттамаға тиісті ұсыныстар енгізді.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан іс-шараға ҚР СІМ ҚК мүшесі Зарема Шәукенова қатысты.

Басылымдар