Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

 

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жоғары мемлекеттік наградалармен – «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен, шығыстанушы-ғалым, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ардагері Клара Шайсұлтанқызы Хафизованы; 2005 жылдан бастап 2014 жылға дейін ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын басқарған саяси ғылымдарының докторы Болат Қылышбайұлы Сұлтанов пен тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Мұрат Тұрарұлы Лаумулинді марапаттады.

 каз

Мемлекеттік награларды табыстау 2019 жылдың 13 желтоқсан күні ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ұжымының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналысында өтті.

 

KOV 0231 2            KOV 0248 2

KOV 0345 2Марапаттарды Қазақстан-Неміс университетінің жанындағы Халықаралық және өңірлік ынтымақтастық институтының директоры Б.Қ. Сұлтановқа және ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері  М.Т. Лаумулинге Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев табыс етті. М.С. Әшімбаев 2000 жылдан 2005 жылға дейін ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры болды. Қазіргі уақытта ол институт қызметіне жетекшілік етеді. KOV 0331 2 Марапатты табыс ете отырып, Президент көмекшісі Болат Қылышбайұлы мен Мұрат Тұрарұлының мемлекеттік және дипломатиялық қызметтегі жоғары еңбегін, Қазақстанның дамуына және елдің халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға, Қазақстандағы тұңғыш «ми» орталығын - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын құру мен нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті. Ол ҚСЗИ ұжымын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап, жұмыста одан әрі табыс тіледі, Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша өздерінің лайықты марапаттарын алған адамдардан үлгі алуға тілек білдірді.

 

20191212 162800 20191212 163152

К.Ш. Хафизованың «Парасат» орденін Алматы қ. әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев салтанатты түрде табыс етті.

WhatsApp Image 2019 12 13 at 15.28.428 Hafizova

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан  стратегиялық зерттеу институты Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевқа ҚСЗИ ардагерлерінің ел дамуына қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді!

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ ұэымы үшін елдің саяси өмірінің мейнстримінде болу, ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ете отырып Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту өте маңызды!

 с награждения 2

Басылымдар