Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 ж. 8-12 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов Жапонияның Ресеймен және жаңа тәуелсіз мемлекеттермен сауда жөніндегі қауымдастығы (ROTOBO) ұйымдастырған Жапониядағы іс-шаралар сериясына қатысты. Бұл сапарға сонымен қатар саясаттанушы, Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев және Petroleum журналының бас редакторы Олег Червинский қатысты.

9 желтоқсанда ROTOBO қауымдастығының өкілдерімен - ROTOBO Institute директоры Мики Вадзима, Институттың зерттеушілері Саюми Мори, Изуми Саито және басқалармен кездесу өтті. Сонымен қатар, сол күні Жапонияның Экономика, сауда және индустрия министрлігіне (METI) сапар жасалды, оның барысында қазақстандық сарапшылар Орта Азия және Кавказ кеңсесінің директоры Изуми Мацумото және Ресей, Орта Азия және Кавказ кеңсесі директорының орынбасары, Сауда саясаты бюросы Аи Судзукимен кездесті.

10 желтоқсанда қауымдастық мүшелеріне - Жапонияның ірі өнеркәсіптік және қаржылық бизнес өкілдеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптар - мемлекеттік органдарға, ғылыми-зерттеу ұйымдарына және т.б. үшін ROTOBO семинары өтті. Семинар барысында Вячеслав Додонов «Мұнайдың қалыпты бағасы жағдайындағы Қазақстан экономикасы: тенденциялар, мәселелер, перспективалар» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында макроэкономикалық динамика, шетелдік инвестицияларды тарту саласындағы жағдай, төлем балансы сияқты салалардағы Қазақстан экономикасының соңғы жылдардағы негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар қазіргі уақытта іске асырылып жатқан негізгі экономикалық бағдарламаларға қысқаша шолу жасалды.

8 12 3

11 желтоқсанда Нагоя қаласында, Нагой шетел зерттеулер университетінде (Nagoya University of Foreign Studies) бірқатар іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, қазақстандық сарапшылардың жаһандық басқару және ынтымақтастық факультетінің профессорларымен – факультет деканы Шухеи Шимадамен және оқытушылар Тецуро Чида, Дзюнъичи Такасе, Нобукацу Ономен кездесуі өтті.

Сонымен қатар қазақстандық сарапшылар университет президенті Икуо Камеямаға таныстырылды, кездесу барысында Қазақстан, Жапония, екі елдің экономикалық және академиялық ынтымақтастығының келешегі туралы пікір алмастырылды.

Сапар соңындағы іс-шара ретінде оқытушылар, студенттер, сондай-ақ Нагоя қаласының жұртшылық өкілдері қатысқан университет аудиториясының алдында ROTOBO семинарында бұрын ұсынылған дәрістердің қысқаша нұсқасымен сөз сөйлеу болды.

8 12 4

Басылымдар