Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

 2019 жылғы 17-18 желтоқсанда Душанбе қ. (Тәжікстан) «Зорлық экстремизмдегі жаңа үрдістер және алдын алу шаралары» тақырыбында өңірлік сұхбат өтті. Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы іс-шара ұйымдастырушысы болды.

Іс-шараға Орталық Азиядан келген экстремизм мен терроризм саласындағы сарапшылар, осы бағыт бойынша БҰҰДБ-ның елдік іс-шараларына тартылған экстремизм мен әріптестік ұйымдарының алдын алу бойынша саясатты әзірлеуге және іске асыруға жауапты жетекші әлемдік талдау орталықтарының, өңір елдерінің мемлекеттік құрылымдарының өкілдері қатысты.

Сұхбат аясында БҰҰДБ Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Түркіменстанда жүзеге асырып жатқан «Орталық Азиядағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында жергілікті қоғамдастықтардың орнықтылығын және өңірлік ынтымақтастықты нығайту» жобасының алдын ала нәтижелері таныстырылды. Жобаның негізгі ережелері интербелсенді сұхбат алаңдарына қол жеткізу, экстремистік насихатқа оң баламаны ілгерілету; өзара көмек және ұйымшылдық сезімі болып табылады; өмірлік жағымды сценарийлерді қалыптастыру, елдік деңгейде жастардың кәсіби, іскерлік және кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және Орталық Азияның қатысушы елдері арасындағы ақпаратты тарату және өзара іс-қимыл үшін өңірлік алаң құру.

Аймақтық сұхбатқа ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Анастасия Решетняк қатысып, «Онлайн экстремизмнің алдын алу бойынша Қазақстан саясатының эволюциясы» тақырыбында баяндама жасады.

17 12 2

Басылымдар