Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылғы 22 желтоқсанда Өзбекстанда Парламенттің төменгі палатасына (Олий Мажлис), облыстық, аудандық, қалалық Кенгаши (кеңестер) депутаттар сайлауы өтті.

2019 жылғы сайлау науқаны «Жаңа Өзбекстан - жаңа сайлаулар» ұранымен өтті. Бұл Шавкат Мирзиёевтің президенттігі кезіндегі алғашқы парламенттік сайлау.

Елдің заң шығарушы органдарына сайлау жаңартылған сайлау туралы заң мен жақында қабылданған жаңа сайлау кодексі аясында өтті. 5 партия парламенттегі 150 орынға үміткер болды. Биылдан бастап экологтар үшін 15 орынға квота алынып тасталды. Сайлау көпшілік негізде өтті, ал кандидаттарды тек партиялар ұсына алады. Сонымен қатар, Сайлау кодексінде партиядан тыс кандидаттарды ұсыну мүмкіндігі қарастырылған.

Партиядан ұсынылған кандидаттардың жалпы санының кемінде 30% – әйелдер өкілдігіне квота сақталды. Биылғы жылы дауыс беру құқығына 20 миллионға жуық Өзбекстан азаматтары ие болды, олардың 2 миллионы алғаш рет дауыс беруге қатысты. Осыған байланысты, ерекшеліктердің бірі – депутаттыққа жас үміткерлердің үлесі айтарлықтай өсті.

Алғашқы партияаралық пікірталастар мен кандидаттар арасында да қарқынды өтті. Пікірталас эпицентрінде елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың, еңбекақының, жұмыссыздықтың, көшіп-қонушылардың проблемаларының, ЕАЭО-ға қарым-қатынастың ағымдағы мәселелері болды. Сайлаушылар тізімінде 1,7 млн. жуық азамат шетелдік сайлау учаскелеріне тіркелген.

Өзбекстан ОСК мәліметі бойынша сайлауға сайлаушылардың келуі 71,1% - ды құрады. Дауыс берудің бірінші турында Өзбекстанның Либералды-демократиялық партиясынан 43 депутат, Өзбекстанның Демократиялық партиясынан – 35, Социал-демократиялық партиясынан – 21, Халықтық-демократиялық партиясынан – 18, Экологиялық партиясынан – 11 депутат сайланды. Қалған 22 депутаттық мандат иегерлері дауыс берудің екінші турында анықталады, ол екі апта ішінде өтуі тиіс.

Өзбекстан Республикасындағы сайлауға ТМД-дан Бақылаушылар миссиясының құрамында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы Санат Көшкімбаев қатысты.

22 СК 2

Басылымдар