Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының «Рухани жаңғыру» конференц-залында белгілі экономист ғалым Вячеслав Юрьевич Додоновтың кітабының тұсаукесері өтті.

Додонов Вячеслав Юрьевич, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы – белгілі ғалым-экономист. Автордың бірнеше жылдық ізденісі – «Қазақстанның халықаралық инвестициялық ынтымақтастығы: үрдістер, факторлар, перспективалар» деген атпен қазақ тілінде алғаш жарық көріп отыр.

IMG 8179

Кітаптың тұсаукесері Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды іске асыру аясында ұйымдастырылды. Кітапта Қазақстанның халықаралық инвестициялық ынтымақтастығының басым бағыттары көрсетіліп, елге инвестиция тартудың негізгі проблемалары мен оны пайдаланудың болашағы айқындалған.

IMG 8110Шара барысында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова ҚСЗИ танымал ғалым В.Ю. Додоновтың еңбегін алғаш рет қазақ тілінде шығарып отырғанын баса айтты. Ғалымдардың еңбектерін қазақ тілінде басып шығару – институттың басым бағыттарының бірі. Бұған дейін ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдар докторы – белгілі саясаттанушы ғалым Лаумулин Мұрат Тұрарұлының «Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан» атты еңбегі мемлекеттік тілде жарық көрген болатын.

ҚСЗИ басшысы авторға атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, аталған еңбектің рецензенттері – экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлын, экономика ғылымдарының докторы, доцент, ҚР БҒМ Ғылыми комитеті Экономика институтының бас ғылыми қызметкері әрі Аймақтық экономика және инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі Әлжанова Фарида Ғазизқызына, экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің профессоры Әубәкірова Жанар Яхияқызына, сондай-ақ PhD доктор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің экономика кафедрасы доцентінің м.а. Қалиева Әсем Ермекқызына ерекше ілтипатын білдірді.

«Қазақстанның халықаралық инвестициялық ынтымақтастығы: үрдістер, факторлар, перспективалар» кітабының авторы В.Ю. Додонов жиналғандардың алдында сөз сөйлеген соң салтанатты түрде кітаптың лентасы қиылып, тұсаукесері өткізілді

                                                           IMG 8187IMG 8213

Экономика ғылымдарының докторы, Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, ММУ Қазақстандық филиалының директоры Александр Владимирович Сидорович, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Анатолий Афанасьевич Башмаков, ҚР БҒМ ҒК «Экономика институты» РМҚК Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы – Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры Жангелді Ерденұлы Шымшықов кітаптан алған әсерлерімен бөлісті.

                                                            IMG 8206IMG 8195

Іс-шараға беделді экономист ғалымдар, орталық мемлекеттік орган, академиялық қоғамдастық өкілдері, белгілі қоғам және саяси қайраткерлер, журналистер қатысты. Олардың қатарында ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Рустам Маратұлы Исатаев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Айгүл Беделбайқызы Көшербаева, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагөз Исламқызы Рақышева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы МБА Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Кәкімбекқызы Садвокасова, экономика ғылымдарының кандидаттары Жұбаев Сапарбай Досжанұлы мен Марат Қайырленов және т.б. болды.

Аталған еңбек еліміздің барлық кітапханаларына жолданады. Кітаптың электронды нұсқасымен ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-ның веб-сайтында танысуға болады.

                                                    IMG 8148IMG 8298

Басылымдар