Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылғы 27 желтоқсанда ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова Институттың 2019 жылы атқарған жұмысы туралы Есеп берді.

ҚСЗИ қызметі есепті кезеңде ішкі саясат, әлеуметтік-экономикалық процестер, ҚР сыртқы саяси стратегиясы саласында қажетті болжамдық-талдамалық және ғылыми-ақпараттық материалдарды дайындауға және ел басшылығына ұсынуға бағытталған.

2019 жылы Институт 26 ғылыми-ұйымдастыру іс-шарасын өткізді, оның ішінде: 4 халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 6 дөңгелек үстел, 9 сараптамалық кездесу және талқылау, 1 аймақтық сараптамалық форум, 2 кітап тұсаукесері, семинар-тренинг, 3 хаттамалық іс-шара (ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою).

IMG 7839

22 кітап және мерзімді басылым дайындалды, оның ішінде 7 авторлық монография, 3 ғылыми еңбектер мен конференция материалдары жинақтары, ҚСЗИ журналдарының 12 нөмірі: «Қоғам және Дәуір» ғылыми-аналитикалық журналы, «Казахстан-Спектр» ғылыми журналы, Quarterly Analytical Review «Central Asia's Affairs».

ҚСЗИ қызметкерлері 2019 жылы 92 ғылыми-талдау материалын жариялады, оның ішінде 44 – ҚСЗИ басылымдарында, 27 – басқа қазақстандық басылымдарда, 21 – шетелдік ғылыми журналдарда және жинақтарда. Әртүрлі конференцияларда, сараптамалық форумдарда, семинарларда, дөңгелек үстелдерде 280 баяндама дайындалды және айтылды. Қазақстандық ғылыми іс-шаралар аясында 238 баяндама ұсынылды, шетелдік ғылыми-талдау орталықтары ұйымдастырған конференцияларда 42 баяндама айтылды.

Есептік кезеңде ҚСЗИ сарапшылары БАҚ – та 625 рет, соның ішінде 87 – баспа, 182 – теледидар мен радио, 356-электрондық БАҚ-та сөз сөйледі. Институттың ресми сайтына келушілердің саны айтарлықтай өсті. «Facebook»-тегі ҚСЗИ парақшасына жазылушылар саны 3 743 пайдаланушыға жетті.

Шетелдік аналитикалық құрылымдармен ғылыми-сараптамалық байланыстарды және практикалық өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында институт есеп беру кезеңінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келесі меморандумдарға қол қойды: Әзірбайжан Халықаралық қатынастарды талдау орталығымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум (Нұр-Сұлтан қ., 2019 ж. 26 сәуір), Корвинус университетінің Орталық Азияны зерттеу Венгр орталығымен өзара түсіністік туралы меморандум (Нұр-Сұлтан қ., 2019 ж. 29 сәуір), «Өркениеттер диалогы» зерттеу институтымен өзара түсіністік туралы меморандум (Нұр-Сұлтан қ., 2019 ж. 17 мамыр), Беларусь стратегиялық зерттеулер институтымен өзара түсіністік туралы меморандум (Нұр-Сұлтан қ., 18 қазан 2019 ж.).

ҚР жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы бұрын жасалған шарттарға сәйкес, 2019 жылы ҚСЗИ Назарбаев Университетінің, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Alma Management University, Қазақстан-Неміс университетінің 26 студентін, магистранттары мен докторанттарын кәсіби, диплом алдындағы практикадан және тағылымдамадан өту үшін қабылдады.

УС3

Ғылыми кеңес барысында қызметкерлерді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Құрмет грамотасымен марапаттады. Марапатталғандардың қатарына бас ғылыми қызметкерлер Додонов В.Ю., Лаумулин М.Т., ақпараттық-талдау жұмысы бөлімі басшысының орынбасары Ордалиева Ж.С., кадр жұмысы және құжаттама бөлімі басшысының орынбасары Тасмағамбетова Ф.К., әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкерлері Санхаева Ж.М., Ахметжаров С.Б., әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкерлері Альшанская А.А., Садықов Б.Э., халықаралық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Решетняк А.В., ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің ғылыми қызметкері Ескендір Т.М. кірді.

ҚСЗИ құрметті қызметкерлері атағына институт ардагерлері Ю.О. Булуктаев, Г.Ф. Дубовцев, Б.Б. Әбдіғалиұлы ие болды.

Отырыс соңында ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова ұжымға атқарылған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алға қойылған міндеттер мен 2020 жылға белгіленген жоспарларды іске асыруда табыс тіледі.

УС4

Басылымдар