Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың 8 қаңтары күні Қазақстандағы сайлау алдындағы күн тәртібін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды.

Іс-шара барысында сарапшылар алдағы парламенттік сайлауды қоғамдық-саяси өмірді жаңғырту тұрғысынан талдап, сайлау процесінің конституциялық негіздерін қарастырды, саяси партиялардың сайлау алдындағы қызметінің ерекшеліктерін, сондай-ақ сайлау науқанының трендтері мен саяси технологиялық жаңартуларды талқылады. Сонымен қатар, сараптамалық талқылау аясында гендерлік тепе-теңдік және Қазақстандағы сайлауды тәуелсіз бақылау тәжірибесі қарастырылды.

Іс-шараны аша отырып, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова өз пікірін білдірді: «Саяси тұрғыдан алғанда, Қазақстанда 2021 жыл парламенттік сайлаудан басталады, оған қазір ел ішінде де, шетелде де үлкен көңіл бөлініп отыр. Бұл сайлау модернизацияның және саяси реформалардың заңды жалғасы болып табылады. Саяси партиялар пандемия жағдайында жұмыстың жаңа форматына тез бейімделудің жоғары қабілетін көрсетті. Кейбір іс-шаралар заманауи байланыс арналарын қолдану арқылы онлайн режимінде өткізілді».

Дөңгелек үстел жұмысына танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси сарапшылар, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңес мүшелері, академиялық қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және ресейлік журналистер қатысты. Спикерлер және талқылаушылар ретінде Еуропалық құқық және адам құқықтары жөніндегі сараптамалық институттың директоры Марат Башимов, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТҚ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі Андрей Чеботарев, ҚР АҚДМ-нің «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры Талғат Қалиев, экономист Асқар Қысықов, саясаттанушылар Жанар Түлендинова және Максим Казначеев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Леся Каратаева, Е.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің оқытушылары Индира Рыстина мен Жұлдызай Ысқақова және басқалар қатысты.

2021 01 08 1

Басылымдар