Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 8 қаңтарында Қазақстанға ағымдағы жылдың 10 қаңтарында өтетін парламенттік сайлауды жария ету жөніндегі баспасөз туры аясында келген шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізілді. Брифингтің ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті.

Брифингте спикерлер ретінде ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан – директор Зарема Шаукенова, директордың орынбасарлары Санат Көшкімбаев пен Сабина Садиева, бөлім басшылары Алуа Жолдыбалина және Әсел Назарбетова, бас ғылыми қызметкер Леся Қаратаева; ҚР сараптамалық-талдау құрылымдарынан –«Альтернатива» ӨЗО директоры Андрей Чеботарев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Башимов, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының сарапшысы Асқар Қысықов сөз сөйледі.

Шараға Австрия, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Мысыр, Испания, Қырғызстан, Норвегия, Польша, Ресей, Сербия, Словакия, Түркия, Украина, Франция, Чехия, Швейцария елдерінен келген келген түрлі баспа және электронды БАҚ өкілдерінен тұратын шетелдік журналистер қатысты.

Брифинг барысында спикерлерге шетелдік журналистерді қызықтыратын көптеген тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды, соның ішінде парламенттік сайлауға дайындық барысы, соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген саяси реформалар, Ковид-19 пандемиясымен күрестен кейінгі елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, ҚР сыртқы саясатының басымдықтары, тиісті елдермен екіжақты қарым-қатынастар, аймақтағы және бүкіл әлемдегі геосаяси жағдай мәселелері көтерілді.

Басылымдар