Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 11 қаңтарында елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан депутаттарды сайлау бойынша Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес сессияда Ассамблея сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған кандидаттар үшін дауыс беру өтті.

Дауыс беруге ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен ҚХА мүшелерінің республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, сондай-ақ ҚР-да аккредиттелген халықаралық байқаушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы шығаратын болады.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан сессия жұмысына директор, ҚХА ҒСК төрағасының орынбасары Зарема Шаукенова және бас сарапшы, ҚХА мүшесі Нұрлан Жаңәбілов қатысты.

ҚСЗИ директоры - ҚХА мүшесі дауыс беруге қатысты.

https://assembly.kz/ru/news/devyat-deputatov-mazhilisa-ot-ank-izbirayut-v-stolitse/

https://www.inform.kz/ru/v-ank-prohodyat-vybory-deputatov-mazhilisa-parlamenta-rk_a3739502

Басылымдар