Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 16 ақпанында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өтті. Кездесуге Елшіліктің аға кеңесшісі Юрий Мельник пен Елшіліктің бірінші хатшысы Иван Рыжков қатысты.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан кездесуге директор Зарема Шаукенова, директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, ғылыми хатшы Қазбек Исаев және халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова қатысты.                                    

Кездесудің мақсаты қазақстан-ресей қарым-қатынастарының бірқатар өзекті мәселелері, дипломатиялық миссиялар мен ғылыми-талдамалық құрылымдардың екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетудегі рөлі бойынша пікір алмасу болды. Атап айтқанда, А.Бородавкин Қазақстанның ғылыми-сараптамалық қоғамдастығының жоғары әлеуетін, ҚР мен РФ сараптамалық орталықтары арасында тұрақты байланыстардың болуын атап өтті. ЕАЭО, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық құрылымдар шеңберінде екіжақты және көпжақты форматтарда өзара қарым-қатынастарды дамыту бойынша объективті және сындарлы ақпаратты жариялай отырып, екі елдің ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтарының өзекті мәселелері мен перспективалық бағыттары бойынша диалогты жандандыру және қарқындату қажеттігі атап өтілді.

ҚСЗИ директоры ресейлік әріптестерімен, оның ішінде Ресей Федерациясындағы серіктестермен - Ресей Стратегиялық зерттеулер институты (РСЗИ), Ресей Ғылым Академиясының Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық зерттеу институты (РҒА ӘЭХҚИ) және Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану институтымен (РҒА ШИ) бұрыннан келе жатқан байланыстар туралы айтты. Сонымен қатар, ынтымақтастықтың қазіргі деңгейін тереңдету және жандандыру мақсатында Ресейдің аналитикалық орталықтарымен өзара әрекеттесудің бірқатар практикалық бағыттары ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сыртқы жағдайлардың өзгеруі, екіжақты және өңіраралық өзара іс-қимылдың, халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша бірлескен жобаларды іске асыру, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізу және пікір алмасу аясында екі елдің ғалымдары мен сарапшылары арасындағы байланыстарды кеңейтудің өзектілігі мен орындылығын атап өтті.

17 317 5

Басылымдар