Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 19 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында онлайн режимінде «Астанадағы ЕҚЫҰ-2010 саммитінің тарихи мәні мен өзектілігі» халықаралық онлайн-конференциясы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

2010 жылы  Қазақстан – Орталық Азияның бірінші өкілі, посткеңестік кеңістіктегі елдер арасындағы алғашқы мемлекет  және еуропалық құрылымға төрағалық еткен алғашқы мұсылман елі болды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің бастамашысы және идеологы болды.

Халықаралық конференцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың атынан құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Кеңсесі Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Әділ Тұрсынов оқып берді.

Конференцияның модераторы және баяндамашысы болған Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат ел тәуелсіздігінің мерейтойлық 30 жылдығында Қазақстан басқару мен күнделікті өмірде демократиялық практикаларды  дамыту бойынша өз жолын жалғастырып келе жатқанын сенімді түрде мәлімдей алатынымызды атап өтті. 

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық демократияны одан әрі дамытуға бағытталған жаңа саяси реформалардың үш ірі пакетіне бастамашылық етті. Қазірдің өзінде бірқатар бастамалары заң деңгейінде бекітіліп, практикада қолданысқа енді. Бұл біздің осыдан оншақты жыл бұрын таңдаған демократиялы жолымызды Қазақстан басшылығының жаңа легі ізін бұзбай, жалғастырып келеді дегенді білдіреді. Әрине, алда әлі де көп жұмыс күтіп тұр, бірақ біздің ЕҚЫҰ-мен байланысымыз бұрынғыдай Қазақстанның дамуына ғана емес, ЕҚЫҰ-ның өзіне де, сондай-ақ Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздікті нығайтуға да оң ықпал ететініне сенімдімін», - деп атап өтті Б.Темірболат.

Конференция барысында ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Швеция Корольдігінің Сыртқы істер министрі Анн Линде мен ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Хельга Шмидтің бейне үндеулері ұсынылды. Сонымен қатар ЕҚЫҰ төрағасы (2010 ж.) Қанат Саудабаевтың, Халықаралық қылмыстық соттың судьясы, ЕҚЫҰ-ның экс бас хатшысы болған Марк Перрен де Бришамбоның, Қазақстанның белгілі қоғамдық-саяси қайраткері Қуаныш Сұлтановтың, ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Қайрат Әбдірахмановтың, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Бас хатшысы Роберто Монтелланың, ЕҚЫҰ Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі мен үйлестірушісі (2014-2018 жж.) Мәдина Жарбосынованың, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың, ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесінің басшысы Дьердь Сабоның  баяндамалары тыңдалды.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан конференция жұмысына директор Зарема Шаукенова, директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, ғылыми хатшы Қазбек Исаев, халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова қатысты.

Конференция соңында қатысушылар ЕҚЫҰ мен оның құрылымдары  күн тәртібі бойынша дәстүрлі диалогты ілгерілете отырып, Ұйымға қатысушы елдер тап болып отырған жаңа қатерлер мен қарсы іс-қимылға белсенді жұмылуға назар аудару керек деген пікірге келді.

Басылымдар