Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 19 ақпанында «Еуразия әлемі» ҚҚ алаңында «Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалығы: күтілімдері, ниеттері мен болжамдары» тақырыбында сарапшылар клубының отырысы өтті. Сарапшылар клубының отырысына қазақстандық, қырғыз және ресейлік сарапшылар қатысты. Кездесудің себебі - Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жарғылық органдарына төрағалық етуі болды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдерінің басшыларына үндеуінде «Біз одақ ретінде ұзақ мерзімді басымдықтарға: экономикалық және әлеуметтік жүйелердің орнықтылығын сақтауға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттердің прогресін қамтамасыз етуге бағдарлануымыз керек» деп атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі даму Стратегиясын тиімді және толыққанды іске асыру осы мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін болады.

Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық ету мақсаттары интеграциялық бірлестіктің жинаған тәжірибесін, сондай-ақ жаңа экономикалық нақтылық жағдайындағы өзекті сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерді ескере отырып қалыптастырылды. Осылайша, бес мәселеге ерекше назар аудару ұсынылады:
  • өнеркәсіптік ынтымақтастық;
  • әділ өзара сауда;
  • трансшекаралық көлік артериялары мен логистикалық хабтардың әлеуетін пайдалану;
  • экономиканы дамытудың күші ретінде кешенді қамтитын цифрландыру;
  • үшінші елдермен және интеграциялық бірлестіктермен қатынастар.
Сарапшылар назарын аударған негізгі тақырыптар:
  • жаһандық сілкіністер дәуіріндегі ЕАЭО болашағы;
  • экономикалық дағдарыс кезеңінде жағдайды тұрақтандыру тетіктері;
  • еуразиялық интеграцияның 2025 жылға дейінгі даму Стратегиясын іске асырудың қол жеткізілген нәтижелері мен перспективаларын бағалау;
  • пандемия факторы және оның ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ынтымақтастығы мен күш-жігерін үйлестіру процестеріне әсері;
  • ЕАЭО сыртқы жолда: бақылаушы елдер мен халықаралық субъективтіліктің өсуі;
  • 2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етуінің басымдықтары.

Отырысқа ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан бас ғылыми қызметкер Леся Қаратаева қатысты.

Басылымдар