Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 22 ақпанында онлайн-режимде ЕҚЫҰ ТҚБ/ТҰҚД мен «Extremely Together» Кофи Аннан Қорының «LIVE» бастамасының бірлескен интерактивті вебинары өтті. Кездесу тақырыбы терроризмге алып келетін зорлық-зомбылық экстремизмі мен радикалданудың алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша қызмет контекстінде конфессияаралық диалогтағы жастардың рөлін ұғыну болды.

Вебинарға Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядан келген «LIVE» бастамасының мүшелері, оның ішінде ЕҚЫҰ далалық операцияларының қызметкерлері, азаматтық қоғам мен азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасайтын жергілікті институттардың өкілдері, ТҚБ/ТҰҚД жастарға, әйелдер мен қоғамдастық көшбасшыларына арналған «LIVE» тренингтерінің фасилитаторлары үшін нұсқаушыларды даярлау жөніндегі семинарларына қатысушылар; ЕҚЫҰ далалық операциялары өткізген «LIVE» тренингтері шеңберінде оқытудан өткен жастар мен азаматтық қоғамның көшбасшы әйелдері қатысты.

Диалогқа ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан халықаралық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері, LIVE бағдарламасының түлегі Анастасия Решетняк қатысты.

Вебинар барысында «Extremely Together» бастамасының жетекшісі Джон Обажен (Нигерия), мұсылман жастарын дамыту жөніндегі Форумның тең құрылтайшысы Хассан Ндугва (Уганда), Босния және Герцеговинадағы ЕҚЫҰ Миссиясының ұлттық қызметкерлері Эмин Крнич-Хаджич және Шейла Масло Черкичтің баяндамалары ұсынылды. Спикерлер түрлі діни топтардың жастары арасындағы әлеуметтік бірлікті нығайтуға, конфессияаралық диалогты ынталандыруға және өзара түсінушілікті дамыту бойынша бағытталған күш-жігер туралы айтты.

Іс-шара топтық талқылаумен аяқталды, оның мақсаты қатысушылар Конфессияаралық қатынастарды нығайту, конфессияаралық диалогты дамытуға бағытталған іс-шараларға қатысты тәжірибе мен идеялармен алмасу бойынша жұмысында пайдаланатын практикалық мысалдарды/стратегияларды талдау болды.

Басылымдар