Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 16 наурызында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Слямжар Ахметжаров ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары үшін онлайн-семинар өткізді.

Онлайн-семинар шеңберінде МБА студенттері ҚСЗИ-да іргелі зерттеулер жүргізу және жедел аналитиканы дайындау тәртібімен танысты. С.Ахметжаров магистранттарға ҚСЗИ-дағы сапалы зерттеулердің негізгі түрлері мен деректерді жинау әдістері туралы айтып берді.

Сонымен қатар студенттер институттың редакциялық - баспа қызметімен танысты. ҚСЗИ сарапшысы авторлық монографиялар, әдістемелік құралдар, конференция материалдарының жинақтары, сондай-ақ Институт платформасында 2020 жылы жарияланған мерзімді басылымдарды ұсынды.

Онлайн-семинардың қорытындысы бойынша МБА студенттері ҚСЗИ сарапшысымен өздерінің магистрлік зерттеулерінің әдіснамасын талқылап, ғылыми жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар алды. ҚСЗИ мен МБА арасындағы ынтымақтастық шеңберінде болашақта осыған ұқсас оқыту онлайн-сессияларын өткізуге мүдделілік білдірілді.

Басылымдар