Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 17 наурызында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп, словак тіліндегі «101 zážitkov z Kazachstanu» - «Қазақстаннан 101 әсер» кітабының халықаралық онлайн - тұсаукесерін өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

 «Қазақстаннан 101 әсер»  - словак тіліндегі Қазақстан туралы алғашқы кітаптардың бірі. Кітапты Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі, әлемнің жетекші сарапшылары мен фотографтары дайындады, оны Британдық Hertfordshire Press баспасы Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігімен және «Қазақ Туризм» ұлттық компаниясымен бірлесе отырып шығарды.

 «Қазақстаннан 101 әсер» − бұл ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі елдің өзіндік ерекшеліктері мен дәстүрлердің егжей-тегжейлігін, адамдарды, сәулет өнерін, қызықты мекендер мен қалаларды, табиғатты, оның ішінде таулар мен көлдерді, каньондарды және көптеген көрікті мекенднрді ашып көрсететін жарқын фотоальбом.

Тұсаукесер ұйымдастырушылары атап өткендей, «кітап COVID-19 коронавирус пандемиясының қызған шағында шығарылды, ол кездерде адамзат қайтадан қалыпты өмірге, яғни оның ажырамас бөлігі ретінде саяхат, белгісіз жерлерді тану, жаңа адамдармен танысу және жаңа тәжірибе алу сияқты ұғымдардың қайта оралады деген ойлар тіпті таңқаларлық болатын. Бұл кітап - елдер мен континенттердің шекаралары әр саяхатшы үшін ашық және қол жетімді болатын қалыпты болашаққа деген үміттің нышаны мен кепілі». 

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Роман Василенко, Словакия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мирослав Коллар, Hertfordshire Press баспасының авторы және редакторы Ник Роуэн, «KazakhTourism» АҚ директоры Ержан Еркінбаев, «Financninoviny» баспасының бас редакторы Владаимир Бачиш, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаева, Братиславадағы экономикалық университеттің профессоры Елена Каштякова, Басқарма төрайымы, «Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің» ректоры Майнюра Мурзамадиева, кітаптың аудармашысы Тимея Юрчова, баспагер Марат Ахметжанов қатысты.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан кітаптың тұсаукесеріне директордың кеңесшісі Дастан Елеукенов, ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы Асара Мұқанова және бас сарапшы Жанат Ордалиева қатысты.

Басылымдар