Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 18 наурызында онлайн-форматта «Азаматтық бірегейлік және оның компоненттері» тақырыбында этносаяси дискурс өтті. Іс-шараны ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (ҚЭЗИ) ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы, ҚЭЗИ директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова сөз сөйледі.

Спикерлер дискурс қатысушыларының назарын қазақстандық қоғамда азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың өзекті мәселелеріне аударды. Б.Әбдіғалиұлы қоғам тарихи сәйкестілік дағдарысын еңсеру қажеттігін атап өтті. Бұған тұтас тарихи сананы қалыптастыру және оның көкжиегін кеңейту арқылы қол жеткізуге болады. А.Сәдуақасова 2018 және 2019 жылдары Қазақстандағы түрлі этникалық топтар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша респонденттерге өзін толыққанды азамат ретінде сезінуге мүмкіндік беретіні анықталғанын атап өтті. Бұл мәселеде ең маңызды факторлар мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының аумағында дүниеге келу; 2) азаматтық міндеттерді орындау және ҚР заңдарын сақтау; 3) ҚР азаматтығын куәландыратын құжаттардың болуы.

Пікірталасқа Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры Наталья Калашникова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Дәурен Базаров, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Ардақ Қапышев және басқалары қатысты.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Ермек Тоқтаров қатысты.

Басылымдар