Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

«Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика» – әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздері бойынша танымал және қолданылатын оқулық. Бұл оқулықтың 10-шы басылымы.

Кітаптың авторы – белгілі американдық ғалым, оқытушы Дональд Куратко - профессор, Индиана университетінің Келли бизнес мектебіндегі Джонсон кәсіпкерлік және инновация орталығының директоры. Ол кәсіпкерлік саласында кеңінен танылған ғалым, кәсіпкерлік және корпоративтік инновациялар мәселелері бойынша 30-дан астам кітап пен 190 мақаланың авторы.

«Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика» Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «Жаңа гуманитарлық білім: жүз жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылды. Оқулықты аударуға жауапты редактор Н.Қожабек, аудармашылар: М.Сейітжаппарұлы, Б.Сәбденалиев, Н.Ынтайбекова, Г.Түсіпова, М.Қыстаубаева, ғылыми редактор: экономика ғылымдарының кандидаты Г.Күреңкеева, әдеби редактор Г.Бектасова атсалысты.

Кітап кәсіпкерлікті оқыту саласында 25 жылдан бері көш бастап келеді. Кітаптың негізі - кәсіпкерлік қызмет процестерін білуге теориялық және практикалық тәсілдердің үйлесуі. Оған қызықты тапсырмалар, кестелер, диаграммалар, кәсіпкерлік тақырыбын тереңірек түсінуге арналған шығармашылық жаттығулар кіреді. Бұл, әрине, материалды тиімді игеруге, студенттердің - болашақ менеджерлердің инновациялық кәсіпкерлік дағдылары мен ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. (https://openu.kz/kz/book/k-sipkerlik-teoriya-process-praktika ).

Кітапқа кіріспе сөзінде автор кәсіпкерліктің қазіргі қоғам өміріндегі рөлі және оның негізгі компоненттері туралы атап өтті: «Кәсіпкерлік – адамзатқа белгілі ең маңызды экономикалық күш! Соңғы үш онжылдықтағы кәсіпкерлік революция бүгінде іскерлік ойлау мен жоспарлаудың барлық аспектілеріне еніп кетті. Креативті идеяларды коммерциялық өмірге қабілетті бизнеске айналдыру процесі әлемдік экономикадағы басты күш болып қала береді. Табысты кәсіпкерлік сәттілік пен ақшадан гөрі көп нәрсені қажет етеді. Бұл шығармашылық, тәуекел және жоспарлаудың біртұтас процесі».

Кітапта кәсіпкерлік ойлау, бизнесті құрудың заманауи тәсілі, инновациялық кәсіпорындар мен бизнес-жоспарлар құру, кәсіпкерге қажетті құқықтық аспектілер мен қаржы құралдары, баға белгілеу және маркетинг, бизнесті бағалау мәселелері берілген. Онда кәсіпкерлік саласындағы ғалымдар мен зерттеушілер әзірлеген соңғы тақырыптар, модельдер мен процестері бар.

Басылымдар