Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 26 наурызында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қаласындағы Өкілдігінде ҚСЗИ директоры және директордың орынбасары Зарема Шаукенова мен Санат Көшкімбаев Қазақстандағы Ф.Эберт атындағы Қордың Өкілдігінің Алматы қаласындағы офисінің Басшысы Толғанай Үмбеталиевамен жұмыс бабындағы кездесуі өтті.

"Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы Қор" ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің бұрыннан келе жатқан серіктесі болып табылады. Қормен бірлесіп бірқатар халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, оның ішінде Орталық Азиядағы қауіпсіздік жөніндегі ҚСЗИ жыл сайынғы конференциялары, сондай-ақ "Орталық Азиядағы су-энергетикалық мәселелер бойынша диалог: ұлттық арқылы жалпыөңірлік" II-ші Орталық Азия сараптамалық форумы өткізілді (2019 ж.).

Кездесу барысында Президент жанындағы ҚСЗИ басшылығы мен Алматы қаласындағы Ф.Эберт Қоры Өкілдігінің кеңсе басшысы ағымдағы жылдың күзінде Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланып отырған "Қазақстан жастары" зерттеу нәтижелерінің болашақ таныстырылымын талқылады.

"Орталық Азия жастары" зерттеуіне 2014 жылы Ф.Эберт атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігі бастамашы болды. Далалық зерттеулерді "Қоғамдық пікір" институты жүргізді (жетекшісі – Ботагөз Рақышева). 2019 жылы жобаны жалғастыру және зерттеудің екінші толқынын өткізу туралы шешім қабылданды. Екінші зерттеу алаңы Қазақстанда 2020 жылғы қаңтардан наурызға дейін BISAM Central Asia (жетекшісі – Леонид Гуревич) жүзеге асырылды. Жобаның ғылыми кеңесшісі ретінде Германияда жастарды зерттеу мәселелері бойынша танымал ғалым профессор Харринг (Prof. Harring) өзінің зерттеу тобымен бірге болды.

Таныстырылым аясында зерттеу нәтижелерін талқылаумен қатар, осы зерттеу негізінде жас қазақстандық ғалым-талдаушылар әзірлеген бірнеше тақырыптық талдамалық баяндамалар (Policy Paper) ұсынылатын болады: Жастар және еңбек нарығы; Жастар және көші-қон мәселелері; Жастар және білім; Жастар және дін және т.б.

ҚСЗИ директоры Қазақстандағы Ф.Эберт атындағы Қор Өкілдігінің Алматы қаласындағы офисінің Басшысына және оның атынан Қор Өкілдігінің басшысы Кристоф Мор мырзаға көпжылдық жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, Қор Өкілдігінің қолдауымен жүргізілген жаңа зерттеудің нәтижелерін талқылауға дайын екендігін білдірді.

Басылымдар