Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 26 наурызында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қаласындағы Өкілдігінде ҚСЗИ басшылығының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісімен, саяси ғылымдар докторы, профессор Гүлнар Насимовамен жұмыс кездесуі өтті.

ҚСЗИ атынан кездесуге ҚСЗИ директоры және директордың орынбасары Зарема Шаукенова мен Санат Көшкімбаев, ҚСЗИ-дің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Әсел Әбен, Өкілдіктің қызметкерлері - бас сарапшы Болат Әуелбаев және инженер Берік Леспек қатысты.

Қазақстанда саясаттану кафедрасы мен бөлімшесі алғаш рет 1991 жылы дәл осы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашылды. Олар саясаттану мамандарын даярлау және жаңа ғылым мен оқу пәнінің ғылыми-әдістемелік мәселелерін әзірлеу базасына айналды. Кафедраның ұйымдастырушысы және бірінші меңгерушісі белгілі қазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы саяси ғылымдар академиясының президенті Т.Т.Мустафин болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саясаттану кафедрасының меңгерушілері-белгілі қазақстандық саясаттанушылар Л.А. Байделдинов, Қ.Н. Бұрханов, Л.М.Иватова болды. 2011 жылдан бастап кафедраны профессор Г.Ө. Насимова басқарады. 2015 жылы кафедра атауын өзгертіп, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы болды, сонымен қатар ол «Конфликтология» жаңа білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асыра бастады. 30 жылға жуық уақыт ішінде кафедра оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысында айтарлықтай тәжірибе жинап, қазақстандық саясаттанушыларды даярлауға айтарлықтай үлес қосты.

Саясаттану бөлімінің түлектері сұранысқа ие және Президент Әкімшілігінде, Елбасы кітапханасында, Парламентте, Үкіметте, мемлекеттік органдарда, ғылыми және оқу орындарында еңбек етуде. Саясаттану кафедрасы көптеген жылдар бойы Алматы қаласындағы Өкілдігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану бөлімінің магистранттары мен докторанттарына арналған өндірістік тәжірибе базасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты үшін кадрларды табысты дайындауда. 2017 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен кафедра ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ үшін мақсатты гранттар бойынша докторанттарды дайындауда.

Студенттерге Т.Мустафин, С.Жүсіпов, Н.Масанов, Л.Байделдиновтың атаулы стипендияларын тағайындаған саясаттану және саяси технологиялар кафедрасына ҚР Президентінің көмекшісі, белгілі қазақстандық саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры (2014 – 2017 жж.) Е.Т. Қарин үлкен қолдау көрсетуде.

Кездесу барысында саясаттанушыларды даярлаудың жоспарлары мен тәсілдері, жалпы ғылыми-сарапшылық салада, атап айтқанда ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да қазіргі жағдайда жұмыс істеу үшін кафедра түлектерінің білім деңгейі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптардың өсуі талқыланды.

ҚСЗИ директоры Гүлнар Өрленбайқызына және оның тұлғасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына көп жылдық жемісті ынтымақтастығы және саясаттанушыларды даярлау жөніндегі қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Басылымдар