Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 26 наурызында онлайн форматта Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа ҚСЗИ директоры - ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зарема Шаукенова қатысты.

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазанова барлық деңгейлерде отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимылды қалыптастырудың маңыздылығын, сондай-ақ азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимылдың қажеттігін атап өтті. «Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жауапкершілік өңірлердің әкімдеріне жүктелуі тиіс. Бұл бағыттағы жұмыс нақты жүргізілу қажет. Отбасы институтын нығайту мәселесі Мемлекет басшысының назарында», - деп атап өтті Лаззат Рамазанова.

Ұлттық комиссияның құрамын нығайту мақсатында Президенттің 2021 жылғы 19 наурыздағы №536 Жарлығымен оның құрамына жаңа мүшелер - азаматтық қоғам мен квазимемлекеттік сектордың белсенді өкілдері енгізілді. Олар: «Әкелер Одағы» қоғамдық бірлестіктерінің жетекшісі М.Айтмағанбет және «Talbesik» көп балалы аналар Одағының» жетекшісі Л.Қожахметова, Ұлттық кооперативтер қауымдастығының президенті Қ.Шайх, Қазақстанның батыс облыстарындағы «ORTAQ» өңірлік әйелдер бастамалары Альянсының төрайымы С.Салихова, журналист Д.Мұқаев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы Г.Бөрібаева, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының атқарушы директоры Л.Ахмурзина, «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры А.Әбибуллаева. ҚР Президентінің Кеңесшісі М.Әкімжанова және қоғам қайраткері С.Тұрсынбекова Ұлттық комиссия төрағасының орынбасарлары ретінде ұсынылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік отбасылық және гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау туралы мәселелер талқыланды. Л.Рамазанова гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларды жоспарлау тәсілдерін мұқият қарауды ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар ұсыныстар берілді.

 

Басылымдар