Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 26-27 наурыз аралығында Дүниежүзілік тарихшы күні қарсаңында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының Қауымдастығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетімен бірлесіп «ҚХА кафедраларының тарихи жадыны сақтау бойынша музейлер және архивтермен ынтымақтастығы» тақырыбында шетел ғалымдарының қатысумен республикалық ғылыми-әдістемелік вебинар өткізді.

Вебинар жұмысына мемлекеттік органдардың, депутаттық корпустың, ҚР музейлері мен архивтерінің өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар, ҚХА кафедралары қауымдастығының мүшелері, қазақстандық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Спикерлер ретінде мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының, ғылыми құрылымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, отандық және шетелдік сарапшылар, 6 мемлекеттің (Ресей, Түркия, Польша, Украина, Өзбекстан, Қытай) зерттеушілері сөз сөйледі.

Вебинардың мақсаты ҚХА кафедраларының, ғылыми-білім беру құрылымдарының, азаматтық қоғам институттары арасындағы іс-қимылды әрі қарай дамытудың әдістемелерімен және ортақ тарихи жадыны сақтаудың халықаралық тәжірибесімен танысу және сындарлы түрде талқылау болды.

Өз құттықтау сөзінде вебинар модераторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, «Шаңырақ» «Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы» РҚБ төрайымы, саяси ғылымдарының докторы Наталья Калашникова Қазақстан халқы Ассамблеясы жобаларының тарихи жадыны сақтаудағы рөлін ерекше атап өтті. «ҚХА 2009 жылдан бастап «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» ауқымды халықаралық жобасын іске асыруда. Ол тарихи жадының ғылыми, қоғамдық-гуманитарлық және терең адами аспектілерін қамтитын кең халықаралық алаңға айналды», - деді Н.Калашникова.

Соңында қатысушыларға «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының Қауымдастығы дайындаған «Оңтүстік өңір тəжірибесі мысалында Қауымдастық шеңберінде ҚХА кафедраларының этномəдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру» атты үшінші Республикалық ғылыми-əдістемелік вебинар материалдарының презентациясы; Тарихи жад тақырыбы бойынша жаңа басылымдарға онлайн шолу ұсынылды.

«Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралар Қауымдастығының бастамасы бойынша ЕҰУ және ҚарУ басшылығы қолдауымен вебинар материалдарының жинағы шығарылады, жинақ ортақ тарихи жадыны сақтау және нығайту бойынша тәжірибелерге шолу және ұсыныстарды жинақтау болады.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан бас сарапшы Нұрлан Жаңәбілов қатысты.

Басылымдар