Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 1 сәуірінде Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты (ТМЫК) ұйымдастырған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі (ТМЫК) басшыларының бейресми саммитінің қорытындылары бойынша онлайн-пікірталас өтті.

Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және Венгрия сараптамалық орталықтарының басшылары мен жетекші сарапшылары қатысты.

Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты директорының орынбасары Санжар Валиев, сондай-ақ Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары Гисмат Гозалов мырза құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараның негізгі спикерлері ретінде Әзербайжанның халықаралық қатынастарды талдау орталығының басқарма төрағасы Фарид Шафиев; Сыртқы саясат институтының президенті (the Turkish Foreign Policy Institute, FPI) профессор Хусейн Багджи; Венгрияның халықаралық қатынастар және сауда институтының директоры Мартон Угрошды сөз сөйледі. Пікірталас бөлімінде СӨЗИ-дің жетекші сарапшылары, олардың ішінде бас ғылыми қызметкер Лобар Умарова өз пікірімен бөлісті.

Сарапшылар ТМЫК-ның өткен бейресми саммитінің қорытындылары бойынша өз пікірлерін білдірді, оның одан әрі даму перспективаларын талқылады және ТМЫК-ға қатысушы елдердің талдамалық орталықтары арасында пікірталас кездесулерін мүмкіндігінше жиі өткізу туралы тілек білдірді.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан іс-шараға Алматы қаласындағы ҚСЗИ Өкілдігінің басшысы Әсел Әбен қатысып, негізгі спикерлер құрамында сөз сөйледі. Өз сөзінде ол ТМЫК қатысушылары арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттары туралы айтты.

Басылымдар