Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 7 сәуірінде Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің әлемдік экономика және дипломатия университетінде бейнеконференция форматында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) елдерінің көшбасшы әйелдерінің Халықаралық форумы «Тұрақты дамуды қамтамасыз етуде әйелдердің рөлін арттыру» тақырыбында өтті.

Форумның ашылуында ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Галина Корелова, Үндістан Республикасы Бас Прокурорының экс-орынбасары Ананд Пинкай, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші Торагының орынбасары Аида Қасымалиева, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова құттықтау сөз сөйледі. Ұлттық комиссия басшысы өз сөзінде: «Қазіргі уақытта әйлдердің өмір сапасын арттыру жолында баршамызға ортақ мәселелер бар. Сондықтан да осы бағытта жұмыла күш біріктіретін Ортақ іс-әрекеттердің жол картасы қажет. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы гендерлік теңдік саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою тең құқықты интеграциялық әріптестік негізінде өңірдегі орнықты дамуды қамтамасыз ету және ШЫҰ-ға қатысушы елдердегі адамдардың өмірін жақсарту мақсатына қол жеткізуге ықпал ететін болады», - деп атап өтті.

Форум жұмысы төрт секция бойынша өтті:

  1. Көшбасшы әйелдер қоғамдық-саяси үдерістер мен әлеуметтік-экономикалық реформалардың белсенді қатысушылары ретінде.
  2. Тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз етудегі әйелдердің көпвекторлы белсенділігі.
  3. Жеке тұлға ретінде әйелдердің құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету - тұрақты дамудың маңызды шарты.
  4. Халықтық және мәдени дипломатияны дамытудағы әйелдердің рөлі.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зарема Шаукенова форумның төртінші сессиясында «ШЫҰ: Мемлекетаралық қатынастарды нығайтудағы көшбасшы әйелдер мен жастардың рөлі» тақырыбында сөз сөйледі.

Басылымдар