Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2021 жылдың 5-6 сәуірінде Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп ұйымдастырған бейнеконференция форматында қазақстандық дипломаттар үшін «Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті.

Спикерлер ретінде ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі Дастан Елеукенов, «Қазақстандық атомдық электр станциялары» АҚ Бас директоры Тимур Жантикин, Олбани университетінің (АҚШ) Саяси зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Тоғжан Қасенова, ҚР Ұлттық ядролық орталығы директорының орынбасары Сергей Березин, Вена қарусыздану және таратпау орталығының халықаралық ұйымдар және таратпау бағдарламасының директоры (James Martin Center at the Middlebury Institute) Гаухар Мұхатжанова және т.б. сөз сөйледі.

Іс-шара барысында қатысушылар ядролық қарусыздану саласындағы ағымдағы жағдаймен және негізгі үрдістермен, биологиялық және химиялық қаруға тыйым салу, экспорттық бақылау режимдері, осы саладағы халықаралық ұйымдардың қызметімен танысты, сондай-ақ барлық қызықтыратын мәселелер бойынша интерактивті пікірталастар өткізді.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімімен қол жеткізілген Семей сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығы, сондай – ақ еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы қарусыздану қызметі туралы арнайы талқылаулар ұйымдастырылды. Сарапшылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа халықаралық бастамаларын, соның ішінде Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру ұсынысын ерекше атап өтті.

Басылымдар