Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да «Қоғам және Дәуір» ғылыми-талдау журналының кезекті 2021 жылдың №2 (70) саны жарық көрді. http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/issue/view/30

Осы номерден бастап ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР журналы саяси ғылымдар саласы бойынша ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне енді.

«Қоғам және Дәуір» журналының жеке сайты (http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/index) ҚР БҒМ БҒССҚЕ жаңа ережелеріне сәйкес жасалынған, сайтта журналдың көпжылдық мұрағаты, оның редакциялық кеңесі, авторларға арналған нұсқаулықтың жаңартылған үлгісі туралы ақпарат бар.

«Қоғам және Дәуір» ғылыми-сараптамалық журналына материалдарды жариялау онлайн жіберу және рецензиялаудың Open Journal System жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін журналдың сайтына тіркелу қажет: http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/user/register. Редакцияға жіберілген барлық материалдар плагиатқа қарсы тексеріліп, жабық рецензиядан өтеді, қажет болған жағдайда авторлар түзетулер енгізуге шақырылады. Авторлар рецензенттерден түсініктемелер алады және олардың материалдарын бір ай ішінде жариялау туралы шешім туралы хабарлайды. Өзгерістер енгізгеннен кейін қабылданған мақала әдетте журналдың келесі екі санының бірінде жарияланады.

Журналдың осы нөмірінде келесі мақалалар жарияланды:

  1. Шетелдік ғалым Николай Евдокимов пен отандық ізденуші Елдос Жұмағұловтың бірлескен авторлығындағы «Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру үлгілері: халықаралық тәжірибе» атты мақала (org/10.52536/KjD/vol_70_issue_2_A1) жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың саяси-құқықтық үлгілерін теориялық талдауға арналған және оның мақсаты қазіргі Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару үлгісінің қай үлгіге сәйкес келетінін анықтау, ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолданыстағы англосаксондық, құрлықтық және аралас үлгілеріне талдау жүргізілген. Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамаларын талдаумен қатар басқарудың әртүрлі үлгілерін қолданатын мемлекеттердің мысалдары да қарастырылған.
  2. Камила Ғаниеваның авторлағымен шыққан «Қазақстан Республикасының заманауи саяси процесіндегі символиканың рөлі» атты мақала (org/10.52536/KjD/vol_70_issue_2_A4) саяси процеске қатысатын әртүрлі белгілер жүйесінен тұратын күрделі құрылымдық формация – саяси символика мәселесіне арналған. Мақалада ҚР саяси процесінің символдық компоненті анықталып, оның құрамдас бөлігі ретінде саяси партиялардың символикасы және Қазақстан облыстары мен республикалық маңызы бар қалалардың таным белгілері қарастырылған. Сонымен қатар, қоғамның санасына әсер етуде саяси символдарды қолдануға байланысты бірнеше кейстерге талдау жасалып, қорытындыда жүргізілген зерттеудің нәтижелері көрсетілген.
  3. Нұрғиса Кушеровтың «Ұрпақтар теориясы контекстінде ҚР мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адами ресурстарды басқару мәселелері: эмпирикалық зерттеу нәтижелері» (doi.org/10.52536/KjD/vol_70_issue_2_A5) мақаласы ғылыми ортада немесе мемлекетті басқару ісінде мән берілмеген буынаралық қатынастар тудыратын мәселелерді зерделеуге арналған. Буындардың ерекшелігін басқару бүгінгі мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кейбір мәселелерді қайта қарауға, болмысын түсінуге, оны құбылыс деп қарап жаңа шешімдер қабылдауға негіз бола алады. Зерттеу жобасы аясында эксперттердің қатысуымен сауалнама жүргізілген.

Қазіргі уақытта 2021 жылдың 3-ші шығарылымына мақалалар қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мақалалар 01 қыркүйекке дейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады (қажет болған жағдайда редакция аударуды өз мойнына алады). Қолжазбалар мен ілеспе хатты веб-сайттағы «Материалдарды жіберу» бөліміне жүктелуі керек: http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/about/submissions. Қолжазба журналдың веб-сайтында сипатталған талаптарға сәйкес ресімделуі керек: http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/authors

Құрметті оқырмандар! Сіздерден өзекті мәселелер бойынша қызықты материалдар күтеміз!

Басылымдар

kurtköy evden eve nakliyatgöktürk evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyatbeylikdüzü evden eve nakliyatpendik evden eve nakliyatadalar evden eve nakliyatşile evden eve nakliyatbahçeşehir evden eve nakliyatataşehir evden eve nakliyatmaltepe evden eve nakliyatçekmeköy evden eve nakliyatbeykoz evden eve nakliyatsariyer evden eve nakliyatşişli evden eve nakliyatbüyükçekmece evden eve nakliyatbaşakşehir evden eve nakliyatkurtköy evden eve nakliyatevden eve nakliyattuzla evden eve nakliyatyeşilköy evden eve nakliyatkadıköy evden eve nakliyatataköy evden eve nakliyathalkali evden eve nakliyatüsküdar evden eve nakliyatistanbul ofis taşımaeşya depolamaistanbul evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyateşya depolamaşişli evden eve nakliyatbahcelievler evden eve nakliyatbakırköy evden eve nakliyatbahçeşehir evden eve nakliyatgöktürk evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyat

kadikoy moto kurye umraniye moto kurye tuzla moto kurye atasehir moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye trabzon web tasarim rize web tasarim