Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2021 жылғы 26 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі аясында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды» орындау шеңберінде «Діни фундаментализмнің діни-саяси өзекті мәселелері» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Семинар жұмысына мемлекеттік органдардың, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері және елорда имамдарының корпусы қатысты.

Іс-шарада ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мүфтиінің орынбасары Ершат Оңғаров, Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының кафедра меңгерушісі Бүркіт Нұрмағамбетов, әлеуметтанушы-зерттеуші Серік Бейсембаев, сондай-ақ дін саласының жетекші мамандары сөз сөйледі.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан іс-шарада жетекші ғылыми қызметкер Мадина Бектенова «Діни фундаментализм және бірегейлік мәселелері» тақырыбында спикер-дәріскер ретінде сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылар ҚР Дін саласындағы жетістіктерін, экстремизмнің алдын алу мәселелерін және діни фундаментализмнің әлеуметтік-саяси аспектілерін талқылады. Атап айтқанда, Е.Нүкежанов Дін істері комитеті жұмысының бағыттары мен негізгі нәтижелеріне тоқталып, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар және діни экстремизмнің алдын алу саласындағы пікірталасқа арналған өзекті мәселелер мен мәселелерді атап өтті. Наиб-мүфти Е.Оңғаров пандемия кезіндегі ел имамдарының жанқиярлық жұмысын, ҚМДБ іс-шараларының бір бөлігін онлайн форматқа көшірудің табысты тәжірибесін, сондай-ақ діндарлар санасының радикалдануының алдын алу мақсатында халық арасында діни сауаттылық пен ағартушылықты арттырудың маңыздылығын атап өтті. Елорда тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының ерекшеліктері туралы Н.Әлмұханов баяндады.

Іс-шара барысында ғалым-сарапшылар Б.Нұрмағамбетов, С.Бейсембаев өткізіліп жатқан семинардың спикер-дәріскерлері ретінде діни фундаментализм, экстремизм және терроризм, радикалдану факторлары, деструктивті және экстремистік идеялардың таралуының алдын алу мәселелері бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ, өз зерттеулерінің нәтижелері мен жұмыс күн тәртібінің тақырыбы бойынша әзірленген ұсынымдар ұсынылды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныстары дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

Басылымдар

kurtköy evden eve nakliyatgöktürk evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyatbeylikdüzü evden eve nakliyatpendik evden eve nakliyatadalar evden eve nakliyatşile evden eve nakliyatbahçeşehir evden eve nakliyatataşehir evden eve nakliyatmaltepe evden eve nakliyatçekmeköy evden eve nakliyatbeykoz evden eve nakliyatsariyer evden eve nakliyatşişli evden eve nakliyatbüyükçekmece evden eve nakliyatbaşakşehir evden eve nakliyatkurtköy evden eve nakliyatevden eve nakliyattuzla evden eve nakliyatyeşilköy evden eve nakliyatkadıköy evden eve nakliyatataköy evden eve nakliyathalkali evden eve nakliyatüsküdar evden eve nakliyatistanbul ofis taşımaeşya depolamaistanbul evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyateşya depolamaşişli evden eve nakliyatbahcelievler evden eve nakliyatbakırköy evden eve nakliyatbahçeşehir evden eve nakliyatgöktürk evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyat

kadikoy moto kurye umraniye moto kurye tuzla moto kurye atasehir moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye