Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2021 жылы 03 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған «Жолдау 2021: іске асыру жолдары» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс -шараның ұйымдастырушысы - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ).

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің жетінші шақырылымының екінші сессиясын ашып, «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялағаны баршаға мәлім.

Дөңгелек үстел отырысында Жолдаудың өзекті мәселелері, оның ішінде пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы қалпына келтіру, білім сапасын арттыру, мектептер салу, өңірлік даму тенденциялары, мемлекеттік қызметтер мен экономиканы цифрландыру, вакцинация мәселелері, еңбек нарығы, оның ішінде кәсіби біліктілік, ауылдағы азаматтық белсенділіктің даму тенденциясы талқыланды.

Дөңгелек үстелге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық кеңес мүшесі Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндег Есеп комитетінің мүшесі Рашит Ахметов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті Мадина Тыныбаева, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов, ҚР ЦДИАӨМ жанындағы Цифрлық трансформация орталығының басшысы Дана Дюсенова, Экономикалық зерттеулер институтының аймақтық ғылыми орталығының директоры Қайсар Нығметов, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрайымы Лима Диас, Еуразиялық интеграция институтының директоры Уразғали Селтеев қатысты.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауы - ел басшылығының азаматтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша нақты іс-қимыл жоспары екенін атап өтті.

 

IMG 5778

 

 

 

Басылымдар

kurtköy evden eve nakliyatgöktürk evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyatbeylikdüzü evden eve nakliyatpendik evden eve nakliyatadalar evden eve nakliyatşile evden eve nakliyatbahçeşehir evden eve nakliyatataşehir evden eve nakliyatmaltepe evden eve nakliyatçekmeköy evden eve nakliyatbeykoz evden eve nakliyatsariyer evden eve nakliyatşişli evden eve nakliyatbüyükçekmece evden eve nakliyatbaşakşehir evden eve nakliyatkurtköy evden eve nakliyatevden eve nakliyattuzla evden eve nakliyatyeşilköy evden eve nakliyatkadıköy evden eve nakliyatataköy evden eve nakliyathalkali evden eve nakliyatüsküdar evden eve nakliyatistanbul ofis taşımaeşya depolamaistanbul evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyateşya depolamaşişli evden eve nakliyatbahcelievler evden eve nakliyatbakırköy evden eve nakliyatbahçeşehir evden eve nakliyatgöktürk evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyat

kadikoy moto kurye umraniye moto kurye tuzla moto kurye atasehir moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye