Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2021 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында өнертану ғылымының кандидаты, доцент, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Жанат Сейділдәқызы Ордалиеваның мерейтойына арналған Ғылыми кеңестің отырысы өтті.

Отырысты Ғылыми кеңестің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Зарема Шаукенова ашып, Институт атынан құттықтау хатын оқып берген ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаевқа сөз берді.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ ұжымы өзінің құттықтауында Ж.С. Ордалиеваның 34 жылдан астам жемісті ғылыми, педагогикалық, мемлекеттік және ғылыми-шығармашылық қызметінің жарқын және маңызды жетістіктерін атап өтті. Ол елдегі ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосқан белгілі өнертанушы ғалым, доцент және өнертану кандидаты. Оның қазақ мәдениетінің эстетикасы мен философиясы, опера тарихы, музыкалық және әдеби байланыстар, Қазақстанның білімі мен ғылымы туралы көптеген еңбектері – мақалалары, монографиялары кеңінен танымал. Ж.С. Ордалиеваның кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейі, кең эрудициясы және ғылыми зерттеулерінің өзектілігі – әріптестері мен студенттері, республиканың мемлекеттік, ғылыми және қоғамдық құрылымдардың өкілдері арасында зор бедел мен үлкен құрмет бөледі.

Ж.С. Ордалиеваның еңбек жолындағы ең жарқын және нәтижелі кезеңдерінің бірі – еліміздің жетекші жоғары оқу орындары – Қазақ ұлттық өнер университетінде, ҚР БҒМ Қ.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы ұзақ мерзімді педагогикалық және ғылыми-ұйымдастырушылық жұмысы, сондай-ақ мемлекеттік органдар – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің стратегиялық даму және мониторинг департаментінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығының Ғылыми-техникалық ақпаратты интеграциялау департаменті директорының орынбасары ретіндегі жемісті талдау жұмыстары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі кезінде жоғары кәсібиліктің, жарқын, жан-жақты таланттың эталонын кейіптей отырып, әріптестері мен жас әріптестері үшін нағыз үлгі болды.

Салтанатты жиналыста мерейтой иесіне құттықтаулар мен жылы тілектерін - ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, «Рухани жағыру» орталығының Стратегиялық талдау тобының жетекшісі Ләзат Нұрқатова, Алматы қаласындағы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Өкілдігінің басшысы Әсел Әбен, сондай-ақ ҚСЗИ сарапшылары мен қызметкерлері Болат Тоқабаев, Сәнімкүл Дюсембекова мен Гүлнара Бимағамбетова арнады.

Салтанатты іс-шара соңында ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова мерейтой иесіне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті.

Біз қымбатты Ордалиева Жанат Сейділдәқызын мерейтойымен құттықтаймыз және оған зор денсаулық, бақыт, өркендеу, көтеріңкі көңіл-күй, сарқылмас күш пен қуат, одан әрі биік және жарқын табыстар мен жетістіктер тілейміз!

10 09 2021 4 10 09 2021 6

Басылымдар

kurtköy evden eve nakliyatgöktürk evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyatbeylikdüzü evden eve nakliyatpendik evden eve nakliyatadalar evden eve nakliyatşile evden eve nakliyatbahçeşehir evden eve nakliyatataşehir evden eve nakliyatmaltepe evden eve nakliyatçekmeköy evden eve nakliyatbeykoz evden eve nakliyatsariyer evden eve nakliyatşişli evden eve nakliyatbüyükçekmece evden eve nakliyatbaşakşehir evden eve nakliyatkurtköy evden eve nakliyatevden eve nakliyattuzla evden eve nakliyatyeşilköy evden eve nakliyatkadıköy evden eve nakliyatataköy evden eve nakliyathalkali evden eve nakliyatüsküdar evden eve nakliyatistanbul ofis taşımaeşya depolamaistanbul evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyateşya depolamaşişli evden eve nakliyatbahcelievler evden eve nakliyatbakırköy evden eve nakliyatbahçeşehir evden eve nakliyatgöktürk evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyatistanbul evden eve nakliyat

kadikoy moto kurye umraniye moto kurye tuzla moto kurye atasehir moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye moto kurye