Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі Бастығының Орынбасары, бас бухгалтер Еркімбек Арпабаевпен жұмыс кездесуі өтті.

Аналитикалық зерттеулер өрісіндегі жетекші құрылымдардың бірі бола отырып, ҚСЗИ шешімдер қабылдау орталығына және саяси күн тәртібіне барынша жақындап келеді, бұл Президент Әкімшілігі тарапынан тікелей тәлімгерлікке, Қауіпсіздік кеңесімен өзара іс-қимылға негізделген. Бұл ретте Институт қызметінің тіршілігін қамтамасыз етуге қолдау көрсетуді ҚР Президенті Кеңсесі жүзеге асырады, ол ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ қызметіне тұрақты негізде ведомстволық бағынысты ұйым ретінде мониторинг жүргізеді.

Бұл кездесу жыл сайынғы аудиторлық іс-шара қарсаңында өтті, оның мақсаты бюджеттік бағдарламаны жоспарлау және орындау бөлігінде заңнама талаптарының сақталуын; бюджет қаражатын пайдаланудың негізділігі мен тиімділігін, нәтижелерге қол жеткізуді, бухгалтерлік есепті, есептілікті жүргізуді, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыруды және ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне қатысты басқа да мәселелерді тексеру болып табылады.

Е. К. Арпабаев аудит тобының құрамын таныстырды. Аудиторлық тексерудің міндеттері мен мерзімін белгіледі. Өз сөзінде қатаң қаржы тәртібін сақтау, іс жүргізудің жоғары сапасы, Қазақстан Республикасының заңнамасын орындау маңыздылығына ерекше назар аударды.

Кездесуге ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова, ҚСЗИ директорының орынбасары Марат Жұмағұлов, сондай – ақ институттың құрылымдық бөлімшелерінің-есеп және есептілік, жоспарлау және мемлекеттік сатып алу, кадр жұмысы және құжаттама, ұйымдастыру жұмыстары бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

03 02 2 03 02 3

Басылымдар