Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында сараптамалық кездесу форматында «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібі - Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі жобасының (бұдан әрі-ЖОБА) өзекті ережелерін және ҚР қолданыстағы заңнамасына енгізілетін өзгерістерді талқылау.

Іс-шара ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті, «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес, Әділет министрлігі, Жоғарғы Сот, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің заң шығару және құқықтық ақпарат институты.

Құқықтық кеңестің отырысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасында Қазақстан Республикасының әкімшілік әділет моделі (артықшылықтары мен кемшіліктері) қаралды. Сондай-ақ Жобадағы Әкімшілік рәсімдер: кодекске мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік процедураларын енгізудің негізділігі және «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының заң күшін жою және Кодекс жобасына бірқатар басқа да маңызды мәселелері талқыланды.

Отырысқа ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары, «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің мүшесі, з.ғ. д. Марат Жұмағұлов қатысты. Ол отырыста талқыланатын мәселелерге қатысты сараптамалық пікірін білдірді. Мәселен, ҚСЗИ сарапшысы Жоба әзірлеушілердің «Әкімшілік рәсімдер туралы» (2000 ж.), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (2007 ж.) Заңдарды жоғалтуға қою қажеттілігі туралы мәселе даулы деп есептейді.

Құқықтық кеңес - 2010 жылдан бастап жұмыс істейтін «Nur Otan», партиясы жанындағы арнайы алаң. Кеңес тұрақты түрде түрлі форматтарда отырыстар өткізеді: сараптамалық талқылаулар, дөңгелек үстелдер, конференциялар. Оның серіктестері Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы, ЮНЕСКО, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссия және т. б. болып табылады.

Басылымдар