Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

5 ақпан күні ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ қабырғасында Орталық Азиядағы Роза Люксембург Қорының (РЛҚ) өкілдігі - Марлис Линке, ОА-дағы РЛҚ өкілдігінің басшысы Лейла Мұзапарова және Алматыдағы РЛҚ өкілдігінің жобалау менеджері Данияр Құсайыновпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан директор Зарема Шаукенова, директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, ғылыми хатшы Қазбек Исаев және халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова қатысты.

Роза Люксембург Қоры (нем. Rosa Luxemburg Stiftung) - марксистік үкіметтік емес саяси қоры, Бундестаг партияларына жақын алты неміс қорының бірі. 1992 жылдан бастап «Die Linke» («Сол жақ») партиясына жанасады.

Қор саяси ағартумен, мәдени қызметпен және қоғамдық дамуды талдаумен айналысады. Оның лейтмотивтері демократиялық социализм және интернационализм, фашизмге қарсы және антирасизм, догматизацияланған марксизм-ленинизмнен бас тарту болып табылады.

Роза Люксембург Қорының Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігі 2019 жылы қазан айында ашылды, Германияның Федералдық экономикалық ынтымақтастық және даму Министрлігі арқылы қаржыландырылады.

Роза Люксембург Қоры ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-ның көпжылдық шетелдік әріптестерінің бірі болып табылады. ҚСЗИ мен РЛҚ арасындағы ынтымақтастық 2008 жылы Ресейдегі РЛҚ филиалымен әріптестік байланыстар аясында басталып, 2014 жылдың қарашасына дейін белсенді дамыды.

Өткізілген кездесудің мақсаты ОА-дағы РЛҚ өкілдігінің басшылығымен байланыс орнату және Қормен әріптестік қатынастарды жаңарту болды.

Марлис Линке Орталық Азиядағы Роза Люксембург Қорының белсенділігінің негізгі бағыттары туралы айтты:

  • әлеуметтік әділдік, инклюзия, гендерлік теңдік, азаматтардың өз елдеріндегі жағдайды жақсартуға қатысу мүмкіндігі, азаматтардың әлеуметтік-мәдени және экономикалық құқықтары
  • өңірдің геостратегиялық ұстанымы, аймақ ішіндегі елдер мен көршілес елдермен, Еуропамен және АҚШ-пен қарым-қатынасы, климаттың өзгеруі, экологиялық мәселелер, су ресурстарын пайдалану, көші-қон және т. б. сияқты жаһандық мәселелерді шешуге ОА елдерінің қатысуы;
  • өткенге қарым – қатынас, тарихи өткенді сыни талдау және бағалау, өңірдегі жаңа ұқсастықтарды қалыптастыру мәселелері –ұлттық, діни, халықтың өзін-өзі анықтау және Жаһандық әлемдегі өңірдің орнын түсіну.

Кездесу барысында одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары, атап айтқанда, мүдделі тараптар үшін практикалық нәтижемен бірлескен іс-шаралардың өзекті тақырыптары талқыланды.

05 02 2

Басылымдар