Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 6 ақпанында Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жасампаз идеялары мен бастамаларына арналған кітаптардың тұсаукесері өтті.

Іс-шараны аша отырып, Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов: «Тарихи маңыздылығы тұрғысынан осы кітаптардың барлығы ортақ бас тақырыпты біріктіреді – олардың әрқайсысы көп қырлы саяси қызметті және Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бірегей тәжірибесін өзінше ашады – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттілікті құру және жан-жақты нығайту, көп ұлтты Қазақстан халқын біріктіру, тұрақты, гүлденген және рухани қоғамды қалыптастыру, жетекші әлемдік державалармен ынтымақтастық пен әріптестікті дамыту, сондай-ақ оның бітімгершілік идеялары жөніндегі тапсырмасын орындау», - деп атап өтті.

              06 02 2  06 02 3

 «Нұрсұлтан Назарбаев: көшбасшылық стратегиясы» атты екі бөлімнен тұратын кітап Елбасының Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы болып тағайындалған сәттен 30 жыл ішінде Қазақстанның экономикалық-саяси тұрғыдан өсіп-өркендеуіне қосқан үлесін, елімізді төрткүл дүниеге танытып, әлем қауымдастығына мойындатудағы тарихи рөлін кеңінен баяндайды.

«Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық бастамалары: тарихы, жағдайы және болашағы» жинағы, еуразиялық интеграция идеясының 25-жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының 5-жылдығына арналған.

«Біз білетін Елбасы» естеліктер жинағы үш кітаптан тұрады. Мұнда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жас мемлекетті дамытудың жаңа жолы мен үлгісін іздеген тұста Тұңғыш Президенттің жанынан табылған, одан кейін бейбіт елдің бақытына куә болған Елбасы замандастарының естеліктері топтастырылған.

Сонымен қатар, «Ядролық қарусыз әлемге бетбұрыс: Елбасы бастамалары» атты жаңа басылымдардың қатарында Қазақстан Тұңғыш Президентінің бейбіт бастамаларына және оның бүкіл адамзат мүддесінде ядролық қарудан азат аймақтарды құру жөніндегі саясатына арналған, сондай-ақ «Мәңгілік Ел» идеясы: кеше, бүгін, ертең» атты ұжымдық монография да бар, онда Елбасының қазақстандық қоғамның жаңа моделінің негізін қалаушы ретіндегі рөлі көрсетілген.

Кітаптардың тұсаукесерінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саяси ғылымдарының докторы Қуаныш Сұлтанов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы Александр Сидорович, Қазақстанның бірінші Сыртқы істер министрі, академик Төлеутай Сүлейменов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов, Мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы Қабидолла Сәрекенов, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының бөлім меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Раушан Әбділдина сөз сөйледі.

Презентацияға қатысқан спикерлер мен қатысушылар, қазақстандықтардың жаңа буынына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көпқырлы қызметі туралы үнемі айтып отыруы керек, ал жаңа кітаптар осы маңызды мақсатқа қызмет етеді деген бір пікірден шықты.

06 02 4

Басылымдар