Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 6 ақпанында Назарбаев Университетінде БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) адам дамуы туралы жаһандық және ұлттық баяндамаларының тұсаукесері өтті.

«Табыс шеңберінен тыс, орта көрсеткіштер шеңберінен тыс, бүгінгі күннің шеңберінен тыс: XXI ғасырдағы адам дамуындағы теңсіздік» атты жаһандық баяндаманы БҰҰДБ штаб-пәтері адами даму Кеңсесінің жетекшісі Педро Консейсао таныстырды. Баяндамада 2018 жылғы адами даму индексі бойынша елдердің рейтингі берілген. Қазақстан осы рейтингте 189 елдің ішінен 50-ші орынға ие болды және адам дамуының деңгейі өте жоғары елдер тобына кірді.Бұл ретте, авторлардың пікірінше, климаттың өзгеруі мен технологиялық серпіліс жағдайында теңсіздіктің барлық нысандарын одан әрі қысқарту және экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлеу өзекті болып қала береді. (баянадаманы мұнда қараңыз)

Адами даму туралы «Урбанизация Қазақстандағы инклюзивті және тұрақты дамудың үдеткіші ретінде» ұлттық баяндамада қалалық даму саясаты мен бағдарламаларына көзқарасты өзгерту бойынша ұсыныстар ұсынылды. Сарапшылар негізгі стратегиялық бағыттар ретінде тұрғын үйдің сапасы мен қол жетімділігіне мониторинг жүргізу, қалалар экономикасын қолдау қажеттігін, сондай-ақ өсіп келе жатқан және азаюда қалаларға арналған басымдықтарды межелеу маңыздылығын атап өтті. Ұлттық баяндаманың негізгі нәтижелерін Стамбулдағы БҰҰДБ Өңірлік кеңсесінің кедейлік және теңсіздік жөніндегі бағдарламалық маманы Елена Данилова-Кросс және халықаралық сарапшылар Мария Каррироза мен Лена Симет ұсынды.

Тұсаукесерде сондай-ақ Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу, БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш, мемлекеттік қызметтің Астаналық хабының басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов, ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова, «Қазақстандағы экологиялық ұйымдар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы Айгуль Соловьева сөз сөйледі.

Негізгі қорытындылар мен баяндамалардың нәтижелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, халықаралық ұйымдардың, қазақстандық ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Анна Альшанская қатысты.

84612972 2591802974200824 4804519527347912704 o

Басылымдар