Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Чех Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудолф Гиклмен кездесу өтті. Сондай-ақ, кездесуге Чех Республикасы Елшісінің орынбасары Ладислав Штайнхюбел қатысты. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-нің атынан директор Зарема Шаукенова, директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, ғылыми хатшы Қазбек Исаев, халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова қатысты.

2020 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан мен Чехия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 27 жыл толды.

ҚСЗИ-дегі кездесу аясында қазақстан - чех қарым – қатынастарының ағымдағы жағдайы мен перспективалары, көпжақты форматтағы: Қазақстан – ЕО, Орталық Азия – ЕО және Орталық Азия-Вышград төрттігі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Чехия Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасында Қазақстанның жетекші сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасының зерттеу орталықтары арасында байланыс орнату қажеттігін, сондай-ақ екіжақты және өңіраралық өзара іс-қимылдың, халықаралық қауіпсіздіктің, Қазақстан мен ОА елдерінің жаһандық сарапшыларымен қарым-қатынасы, экстремизм мен радикализация мәселелері бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.

ҚСЗИ басшысы мен Елші Қазақстан мен Чехияның экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарын кеңейту мен тереңдетудің маңыздылығын ерекше екенін және екі елдің дипломатиялық миссиялары мен талдамалық құрылымдарының зор рөлін атап өтті. Р.Гикл Чехия Республикасы үшін осындай маңызды саясаткер, белгілі қазақстандық мемлекет қайраткері, беделді ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Марат Тәжин мырзаның Елші қызметіне тағайындалуының маңыздылығын атап өтті.

Жақында Қазақстанның Чехиядағы Елшісі М.М.Тәжиннің ел Президенті Милош Земанға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

07 02 2

Ағымдағы жылдың жарқын іс-шаралар қатарында 27 қаңтарда Чехияның «Клементинум» Ұлттық кітапханасында «Абай» мәдени-ақпараттық орталығының ресми ашылуы болды, шара Чехиядағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Чехияның «Клементинум» Ұлттық кітапханасының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының бірлескен күшімен ұйымдастырылды. Өз сөзінде Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшісі М.М.Тәжин «Абай» орталығының ашылуы екі ел халықтарының өзара мәдени байытуына қызмет ететінін, Чех жұртшылығына қазақ әдебиеті мен поэзиясын тереңірек зерттеуге мүмкіндік беретінін айтты.

https://www.facebook.com/719178984824691/posts/2738031709606065/?d=n

07 02 3

Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық сарапшылар мен Чех дипломаттары екі елдің ғалымдары мен сарапшылары арасындағы байланыстарды кеңейтудің, бірлескен іс-шараларды өткізудің, Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мақсатында сарапшылар алмасудың қажет екенін алға тартты.

                             07 02 407 02 5

Басылымдар