Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Алматыда «Еуразия әлемі» қоғамдық қорының «”Жасыл” экономика, Еуразия елдерінің тұрақты дамуының үлгісі ретінде» атты сараптамалық клубының отырысы өтті.

Өндірістік қуаттар тарапынан қоршаған ортаға қысымды азайту, энергияның жаңа көздеріне көшу және экологиялық ойлауды ілгерілету мәселелері қазіргі таңда неғұрлым өзекті болып отыр.  Бұл үдерістің маңыздылығы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының призмасы арқылы да байқалады. Қазақстан «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы белсенді іске асыруда. Халықаралық деңгейде Қазақстан бірқатар экологиялық жобалардың бастамашысы ретінде әрекет етеді. Мәселен, 2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған «Жасыл көпір» бастамасы ұсынылды.  2017 жылы «Болашақ энергиясы» ұранымен ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі өтті. ЕАЭО аясында 2016 жылы «Еуразиялық технологиялық платформалар» қалыптастырылды, оның ішінде негізгі бірлескен экологиялық жобалардың тізімін анықтайтын «Экологиялық даму технологиялары» платформасы ерекше маңызға ие.

Отырыс тақырыбы Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығының алдағы XVII өңіраралық форумы аясында да ерекше маңызға ие. Форум 2020 жылы Көкшетау қаласында өтеді, экология және «”Жасыл”» өсу саласындағы ынтымақтастыққа арналады.

13 02 2020 2Сарапшылар клубы отырысының өзекті мәселелерінің ішінде ұлттық шекараларда да, интеграциялық бірлестік шеңберінде де энергия тиімділігі мен ресурс үнемдеуді ілгерілетудегі ЕАЭО елдерінің мүмкіндіктері; «жасыл» трансформацияның институционалдық, ұйымдастырушылық және экономикалық шарттары; жаһандық және өңірлік бөліністегі жаңартылатын энергетиканың болашағы болды.

«”Жасыл”» экономика өсуінің жаңа бағыттарының бірі ретінде экологиялық туризм де талқыланды.

Сараптамалық талқылауға қазақстандық академиялық және бизнес-орта өкілдері: экономистер, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, қоғам қайраткерлері, экономикалық және саяси шолушылар қатысты. Сарапшылар клубының жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Леся Каратаева қатысты.

Басылымдар