Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Алматыда «Жаһандық экономиканың сандық болашағы» атты Digital Almaty Форумы өтті.

Форумға ЕАЭО елдері, сондай-ақ Әзірбайжан, Өзбекстан және Молдова үкіметтерінің басшылары қатысты. Форум жұмысына әлемнің 50-ден астам елінен Ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші CEO және халықаралық сарапшылар қатысты. Іс-шараға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд, UNICEF инновациялар жөніндегі аға кеңесшісі Кристофер Фабиан, Amazon Web Services компаниясы Үкіметінің трансформация жөніндегі директоры Лиам Максвелл, Qwasar Silicon Valley негізін қалаушы Кваме Ямгнане т.б. қатысты.

13 02 2020 4

Премьер-министрлер деректер мен жасанды интеллект негізінде тұрақты аймақты құру мәселелерін талқылаған пленарлы сессиядан басқа, бірқатар панельдік сессиялар да өтті.

Секциялық отырыстардың назарын БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін сандық технологияларды пайдалану, халықаралық нарықтарда цифрлық Қазақстан өнімдерін жылжыту, білім беруде сандық технологияларды қолдану, сондай-ақ 2020-2022 жылдары ЕАЭО сандық трансформация векторлары болды.

Форум аясында түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер және екі жақты кездесулер өтті.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Леся Каратаева қатысты.

Басылымдар