Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 9 ақпанында Әзірбайжанда Милли Меджлисінің кезектен тыс сайлауы өтті. Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиев кезектен тыс сайлауды тағайындау туралы өкімге 2019 жылғы 5 желтоқсанда қол қойды.

Милли Меджлис Парламентіне - бес жылға 125 депутат сайланады. Сайлаудан көп нәрсе күтіледі, өйткені олар ауқымды құрылымдық және кадрлық реформалар аясында өтіп жатыр.

Бір палаталы Парламентте 125 орынға 1314 кандидат үміткер болды. Олардың 11-і сайлаушылардың бастамашыл топтарымен, 246-он тоғыз саяси партиялармен ұсынылған, 1057-і өзін-өзі ұсынушылар. Сайлауға қатысушылардың арасындағы үміткерлердің жалпы санының 21 пайызын әйелдер, 79 пайызын ерлер құрады. Дауыс беру тізіміне 5,3 млн-нан астам азамат енгізілді. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін ашық болды.

Заңнамаға сәйкес сайлауға 18 жастан асқан Әзірбайжан азаматы қатыса алады. Сайлауға қатысқан ең жас кандидат 2001 жылы, ал ең қарт адам 1938 жылы туған. Дауыс беру үшін Брайль әліпбиіндегі бюллетеньдер басып шығарылды, ал сайлауда ашықтықты қамтамасыз ету үшін қайтадан дауыс беруді болдырмау мақсатында саусақтарды түссіз сиямен таңбалау тәжірибесі қолданылды. Мұндай тәжірибе 2005 жылдан бастап қолданылады. Таңбалау сайлаушының сол қолының үлкен саусағына белгі салу арқылы жүргізіледі. Сайлаушылардың саусақтарында көрінбейтін сиялардың болуы арнайы сәуле шығарғыштардың көмегімен жүргізіледі.

Сайлау күні Әзірбайжанның 125 сайлау округі бойынша 5426 тұрақты сайлау учаскесі жұмыс істеді. Жергілікті бақылаушылардың саны 77 790 адамды құрады, оның ішінде 35 152 - саяси партиялардың өкілдері.

Дауыс беру барысын 58 елден 883 халықаралық бақылаушы және 59 ұйым бақылады. Қазақстан Республикасынан Әзірбайжан Республикасындағы сайлауды бақылауға 43 бақылаушы қатысты. Халықаралық бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасының өкілдері сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, дауыстарды санауды және сайлау нәтижелерін шығаруды бақылады. Қазақстандық делегацияның өкілдері Баку, Ленкорань қалаларында және Әзірбайжан Республикасының 4 ауданында – Барда, Загатала, Шамкир, Агджабеди бақылау жүргізді.

Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, сайлауға қатысу 47,81% - ды құрады. Барлық 125 сайлау округтерінің мәліметтеріне сәйкес, жаңа Парламентте «Ени Әзірбайжан» («Жаңа Әзірбайжан») басқару партиясының мандаттарының саны 125-тен 70-ке жуық құрайды.

Әзірбайжан Республикасындағы сайлауға ТМД-дан бақылаушылар Миссиясы құрамында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі, саяси ғылымдарының кандидаты Мадина Нұрғалиева қатысты.

(Әзірбайжан азаматтары өз таңдауында белсенді және демократияны қолдауға тырысады - Қазақстаннан ТМД Миссиясының халықаралық байқаушысы, https://www.trend.az/azerbaijan/politics/3189256.html)

13 02 2020 6 13 02 2020 7

Басылымдар