Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 20 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында «Геосаяси турбуленттілік жағдайындағы өңірлік қауіпсіздік» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушылар – «Шығыс-Батыс» геосаяси болжау Халықаралық орталығы; Нұр-Сұлтан қаласының саяси зерттеулер қауымдастығы; «Infogamma» тәуелсіз ақпараттық-талдау орталығы.

Іс-шара барысында жаһандық деңгейде сенімсіздіктің өсуі, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктердің жұмыс істеу проблемалары мен перспективалары, қазіргі әлемдегі қауіпсіздіктің қатерлері мен олардың алдын алу жолдары және т. б. мәселелер қаралды.

Құттықтау сөзін «Шығыс-Батыс» геосаяси болжау Халықаралық орталығының директоры Қарлығаш Нұғманова мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов сөйледі.

Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың өкілдері, Армения, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Ресей сарапшылары қатысты.

Іс-шараға ҚСЗИ атынан бас ғылыми қызметкер Мұрат Лаумулин және аға ғылыми қызметкер Анастасия Решетняк қатысып, сөз сөйледі.

21 02 2020 2 

Басылымдар