Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 22 ақпанында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің философия кафедрасында жұмыс берушілердің кафедра профессорлық-оқытушы құрамымен және болашақ түлектермен кездесуі өтті.

Кездесуге «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты, «Nur Otan» партиясыҚоғамдық саясат Институты, Тұңғыш Президент кітапханасының әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметі, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» коммерциялық емес АҚ өкілдері қатысты.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түлектері үшін жұмыс берушілердің бірі болып табылады, сондай-ақ ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өту мүмкіндігін ұсынады.  

Кездесу барысында қатысушылар философия кафедрасының түлектерін жұмысқа орналастырудың негізгі мүмкіндіктері мен мәселелерін, түлектердің ғылыми-зерттеу тәжірибесі бағдарламасын өту есебінен кадрлық әлеуетті дамытудың тиімділігін талқылады. Сонымен қатар, жұмыс берушілер кафедраның барлық оқу деңгейлеріндегі білім беру бағдарламаларын сараптамалық талдаужұмысының қазіргі үрдістері мен трендтерін, кәсіби-қолданбалы біліктілікті ескере отырып жетілдіру туралы ұсыныстарын айтты.

Кафедра түлектері жұмыс берушілерден практикадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, зерттеулердің өзекті ғылыми-талдаубағыттары жөнінде өздеріне қажет ақпаратты алды.

Нәтижесінде ынтымақтастықты жалғастырумүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесуге ҚСЗИ атынан Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Мадина Бектенова қатысты.

 25 02 2020 2

Басылымдар