Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 24-25 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында «Еуразиялық экономикалық одақ – геосаясат және экономикалық аспектілер» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы Конрад Аденауэр атындағы Қордың өкілдігі.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, талдау орталықтарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан, Германия және ЕО қоғамдық-саяси қайраткерлері мен сарапшылары қатысты. ҚСЗИ атынан іс-шараға директордың орынбасары Санат Көшкімбаев және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Анна Альшанская қатысты.

Конференцияның бірінші күні ЕАЭО жұмыс істеуіне байланысты экономикалық мәселелерге арналды. Баяндамашылар Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы елдердің ұлттық экономикалық ықпалына, интеграциялық бірлестіктің серпінді дамуының негізгі қорытындылары мен негізгі сын-қатерлеріне қатысты мәселелер туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Екінші күннің назары еуразиялық интеграцияның геосаяси аспектілері, сондай-ақ ЕАЭО-ның сыртқы серіктестермен ынтымақтастығын кеңейту перспективалары болды. Панельдік сессияда ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев «ЕАЭО-дағы Қазақстанның мақсаттары мен стратегиясы» тақырыбында баяндама жасады.

Басылымдар