Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 4 наурызында ҚСЗИ-да Еврей университетінің профессоры (Израиль, Иерусалим қ.) Владимир Месамедтің дәрісі өтті. Дәріс Израильдің Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы саясатына арналды, дәріс барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қозғалды.

Владимир Месамед Таяу Шығыс бойынша сарапшы, маман-ираншы. Кездесу барысында ол Израильдің аймақтағы және халықаралық аренадағы ұстанымымен бөлісті. «Жұмсақ күштің» рөлі мен мәніне, оны сыртқы саясатта пайдалану әлеуетіне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға сондай-ақ Израильдің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Лиат Вексельман қатысты, ол Израиль дипломатиясындағы цифрлық технологиялардың ерекшеліктері және сыртқы саясатты ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу туралы айтып берді.

Модератор болып ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев сөз сөйледі. Кездесуге институттың бөлім басшылары мен сарапшылары қатысты.

04 03 2

Басылымдар