Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 4 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесу өтті. Кездесуге сондай-ақ Елшіліктің екінші хатшысы Алишер Агзамов қатысты.

Кездесуге ҚСЗИ атынан директор Зарема Шәукенова, директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар қазақстан-тәжік қатынастарының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, тауар айналымын арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруды, сондай-ақ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастық шеңберіндегі екіжақтың өзара қатынасы әлеуетін талқылады.

Елші «Тұрақты даму үшін су» атты халықаралық іс-қимылының он жылдығына арналған 2020 жылдың маусым айына Душанбе қаласында жоспарланған жоғары деңгейдегі Екінші халықаралық конференцияға ҚСЗИ басшылығын хабардар етіп, қатысуға шақырды.        

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Тәжікстанның зерттеу орталықтары арасындағы байланыстарды нығайту және тереңдету қажеттігін, соның ішінде ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ мен ТР Президенті жанындағы ЦСИ арасындағы тұрақты әріптестік байланыстарды атап өтті.

04031

Басылымдар