Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 12 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында БҰҰ-ның көші-қон желісі бойынша Ұлттық консультациясы іске қосылды, сондай-ақ БҰҰ-ның қауіпсіз, реттелген және заңды көші-қон туралы Жаһандық шарттың тұсаукесері өтті. Ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасында Халықаралық көші-қон ұйымы/БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігі (ХКҚҰ) және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Көші-қон жөніндегі Жаһандық келісімшартты 150-ден астам ел қолдады, олардың қатарына Қазақстан Республикасы да қосылды. БҰҰ-ның мемлекеттерге үйлестірілген жалпы жүйелік қолдауды қамтамасыз ету үшін Жаһандық шартты іске асыруда БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі желісі құрылды. 

12 03 2

БҰҰ көші-қон Желісінің Мақсаты - Қазақстан Республикасындағы барлық халықаралық ұйымдарды көші-қон ағындарына байланысты проблемаларды шешуге жұмылдыру. Желі Халықаралық көші-қон ұйымы/БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігі басты рөл атқаратын әріптестікке сүйенетін болады.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов, Орталық Азия бойынша үйлестіруші, Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы миссиясының басшысы Зейнал Гаджиев, көші-қон жөніндегі (Женева, Швейцария) БҰҰ Желісі Хатшылығының байланыс және саясат жөніндегі маманы Абдель Рахман Диоп, ХКҰ халықаралық консультанты Петр Казмиеркевич сөз сөйледі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының бейінді министрліктерінің, мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, жеке сектордың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. 

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан бас ғылыми қызметкер Ирина Черных және халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова қатысты.

12 03 3

Басылымдар