Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 12 наурызында #TaldaKZ онлайн платформасында «Электронды сайлау жүйесін енгізуге қалай қарайсыз?» сұрағы бойынша сараптамалық талқылау өтті. Бағдарлама қатысушылары Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов, «Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» ЗТБ президенті» Шавкат Сабиров, саясаттанушы Қазбек Майгельдинов, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ Жоғары заң мектебі, қоғамдық құқық кафедрасының доценті Әлия Оразбаева болды. ҚСЗИ атынан әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина және әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Жанар Санхаева қатысты. Пікірталасты модераторлық еткен қоғам қайраткері Мұрат Әбенов.

Кездесу барысында қатысушылар электрондық дауыс беруге көшудің қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Алуа Жолдыбалина өз сөзінде Қазақстандағы ақпараттық технологияларды дамытудың оң тенденцияларын ескере отырып, электронды дауыс беруді оңтайлы енгізу және онлайн-науқандарды өткізудің алғышарттары бар екенін айтты. Сонымен бірге Қазақстан қазіргі уақытта электронды дауыс беру тетіктерін қолданатын 40-тан астам елдің тәжірибесіне қызығушылық танытатынын атап өтті. Жанар Санхаева сайлаушының электрондық және қағаз тасығыш арасында дауыс беру тәсілін таңдау мүмкіндігін сақтай отырып, электрондық дауыс беруге біртіндеп көшу қажеттілігіне тоқталды.

2

Басылымдар